Отырарлық қариялар «Әзірет Сұлтан» қорық-музейімен танысты

Бүгін Отырар ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен 1 қазан — Халықаралық қарттар күніне орай аудандағы қазыналы қариялар Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне келді.

Рухымыз бен беделімізді асқақтатып тұрған Қожа Ахмет Ясауи және кесенеде жерленген, қазақ тарихында өшпес іздері бар 21 хан, 19 би, 52 батыр, 8 сұлтан және өзге де жақсылар мен жайсаңдарға тағзым еткен абыз ақсақалдар мен ақ жаулықты аналар тарихымыздан сыр шертетін тарихи жәдігерлермен танысты.

Аудан басшысы Әбдіғали Жүнісов бастап келген қариялар Қожа Ахмет Ясауидің қызы Гауһар ана кесенесіне де зиярат етті.

Алдыңғы ақпарат

«Әзірет Сұлтан» қорық-музейіне XV-XX ғасырлардағы нумизматикалық жәдігерлер сыйға берілді

Келесі ақпарат

«Әзірет Сұлтан» қорық-музейі қарияларға құрмет көрсетті