Оқушылар тарихи жәдігерлер әлеміне саяхаттады

Бүгін Түркістан қаласындағы №4 С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебінің оқушылары «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне келді.

Рухани саяхатқа келген оқушыларға «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің экскурсоводы Салтанат Ералиева Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен кесене айналасында жерленген тұлғалар жайлы әңгімелеп, тарихи жәдігерлермен таныстырды.

Өскелең ұрпақтың патриоттық сезімін ояту, тарихи сана қалыптастыру, тарихта аты қалған тұлғалар мен құнды мұраларға деген құрметті қалыптастыру, мол мағлұматтармен сусындату мақсатында қолға алынған шара оқушыларға ерекше әсер сыйлады.

Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің әрбір тарихи бөлмелерін қызыға аралаған балалар, сауалдар жолдап, пікірлерімен бөлісті.

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметі

Алдыңғы ақпарат

Мұрағаттан Түркістан тарихына қатысты тың мәліметтер табылды

Келесі ақпарат

Италиялық режиссерлер Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне келді