Музей ісі және Қорық-музейлер жөніндегі көркемдік кеңестің кезекті отырысы өтті

28 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Рахметоллақызы Райымқұлованың қатысуымен Министрліктің жанынан құрылған Музей ісі және Қорық-музейлер жөніндегі көркемдік кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Көркемдік кеңестің отырысына Министрліктің Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры К.Қ. Сейітова, сондай-ақ республикалық музейлер мен қорық-музейлердің және өңірлік тарихи-өлкетану музейлердің басшылары, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік музейінің директоры Н. Әлімбай, Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі директорының орынбасары А. Нұразхан, «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы» РМҚК-нің директоры С.Көзейбаев, «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы РМҚК-нің директоры Н.Бықыбаев, Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейі директорының орынбасары Н. Сатыбалды, Ж.Әубәкіров «Остров Крыма» ғылыми-реставрациялық зертханасының директоры Кырым Алтынбеков, музейтанушы Нүрсерік Жолбарыс, Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Т.К. Жұмалиева, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Ү.Әкімбаева және т.б. секілді отандық 40-тан астам музейлердің басшылары қатысты.

Көркемдік кеңес отырысында саладағы өзекті мәселелер талқыланды, соның ішінде музей саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары, музейлер қорын толықтыру және оларды техникалық жабдықтау, отандық музей мамандарын даярлау, музейлер қызметіне заманауи жаңа үрдістерді енгізу, музейлер сайттарының қызметіне сараптама жүргізу және т.б.

Ендігі жерде Көркемдік кеңес отырысында көтерілген өзекті мәселелер оның хаттамалық шешімімен бекітіліп, тиісті шаралар қабылданатын болады.

Алдыңғы ақпарат

Халықаралық музейлер кеңесінің қазақстандық комитетінің отырысы өтті

Келесі ақпарат

2020 жыл ТҮРКСОЙ шеңберінде Абайдың 175 жылдығына арналатын болды