Еңбек демалысына шығарып салуға арналған жиын болды

Бүгін «Әзірет Сұлтан» музей-қорығында жиырма жылдан астам жұмысшы болып жемісті еңбек еткен Ұлбике Дүйсенбекқызы Жүзбаеваны құрметті еңбек демалысына шығарып салуға арналған жиын болды. Музей-қорық директоры Мәулен Жарылқасынұлы Садықбеков Ұ.Жүзбаеваны зейнет жасымен құттықтап, алғыс хатпен марапаттады. Жиналыста ұжым мүшелері де сөз алып, зейнеткер Ұ.Жүзбаеваны құттықтап, ризашылықтарын білдірді.
Зейнеткерге ұжым атынан сый-сияпат тарту етілді.
Алдыңғы ақпарат

Материалдар жиынтығы (компьютерлік банк)

Келесі ақпарат

НАЙМАН, БАҒАНАЛЫ БАБЫР БИ БӨКЕНБАЙҰЛЫ (БӨКЕНІШБАЙҰЛЫ)