МАҢЫЗДЫ :

nothing found

БАБ АРАБ КЕСЕНЕСІ

Баб Араб кесенесі Ескі Түркістан қаласының Жеті ата қақпасының қасында орналасқан және салынған уақытын ғалымдар ХІХ ғасырға жатқызады.
Кесененің салыну тарихы жайында мынадай аңыз тараған: Түркістаннан бір кісі Меккеге барады, алайда қайтуға ақшасы жетпейді. Әбден шаршаған ол Мұхаммед (с.ғ.с) Пайғамбардың қабірін құшақтап жылайды екен. Күндердің бір күнінде оған бір адам келіп ертеңгі жұма намазы кезінде бір ағашқа қара ат байланатындығын және сол аттың иесі кез келген арманын орындай алатындығын айтады. Еліне оралуды қалаған кісі айтылған ағашқа барып байланған қара атты көреді. Аттың шылбырын ұстап, оның иесін күтуге қалады. Жұма намазы аяқталған соң аттың иесі келеді, алайда күтіп тұрған кісі шылбырын жібермей оны тастамауын жалына айтады. Кісіні аяған ат иесі оны артына отырғызып, көзін жұмып және сол сәтте ашуын сұрайды. Көзін ашқан кезде олар Түркістанда болады. Ат иесі Әзірет Сұлтанға қарай кетіп бара жатқан кезінде оның есімін сұрағанда «мен Баб Арабпын» деп айтады да сол сәтте ғайып болып кетеді. Еліне оралған кісі бұл оқиғаны халқына айтып, атпен түскен жерінде Баб Арабқа арнап күмбез салады делінген аңызда.
2009-2010 жылдары Жеті Ата қақпасы маңында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде табылған кесене, 2011 жылы қайта қалпына келтірілді. 2011 жылы Жеті Ата қақпасын тарихи деректер негізінде сақталған іздері бойынша қалпына келтіру жұмыстары барысында кесектен қаланған Баб Араб кесенесі қабырғасы да анықталған болатын. Сондай-ақ, Баб Араб кесенесі ізімен бірге төртбұрышты кірпіштен тұратын еден мен құлпытасы да табылды. Бұл құлпытас еденінің ортасында күйген қыштан қаланған және сырты кейінгі кездері бірнеше рет қара сыбақпен, соңыра құм сыбақпен сыланып, ақталған. 1910 ж. түсірілген фотосуреттен кесененің қабырғалары мен күмбезі қам кесектен қаланғандығын байқаймыз, қалай болғанда да, сырты қалың етіліп қара сыбақпен сыланған, биіктігі шамамен 5м (күмбезінің ұшына дейін). Кесененің еденіне төселген кірпіштері көне заманға жатады, шамамен XIV-XVғғ.
Н.Акимкулов, қорықшы.
Алдыңғы ақпарат

ІЗДЕНІСКЕ ТОЛЫ САПАР

Келесі ақпарат

“Таза Қазақстан” акциясы жалғасуда