Ақтоты Райымқұлова жұмыс сапарымен Түркістан қаласына келді

ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Түркістан қаласында өтетін Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің саммитіне дайындық барысымен танысты.

Сапар барысында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне қарасты тарихи-мәдени орындардың жұмыстарымен танысып Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат кетті.

Сондай-ақ, тиісті сала басшылары және өкілдерімен кездесіп ұзындығы бір шақырым болатын «Керуен сарай» көпфункциялы туристік кешенінің алдағы жұмыс жоспарын пысықтады.

Айта кетсек, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап өткендей Түркістандағы Қазақстан, Еуропа және Орталық Азия мәдениетін ұштастыратын жоба көне шаһар үлгісі негізінде салынған және онда заманауи қонақүйлер, түрлі мәдени нысандар, шығыс базары, мейрамханалар және жасанды көл пайда болады.

Алдыңғы ақпарат

«Ұстаздарға мың алғыс!» мәдени іс-шарасы өтті

Келесі ақпарат

Қоржын, ХХ ғ.