• 27 Сентябрь 2024

МАҢЫЗДЫ :

nothing found

ІЗДЕНІСКЕ ТОЛЫ САПАР

Ө.Жәнібековтің туған күніне (28 тамыз) орай өтетін көрме жұмыстары бойынша «Әзірет Сұлтан» Ұлттық музей-қорығы басшылығының тапсырмасымен арнайы экспедицияға шықтық.
10 шілде күні Отырар ауданынан басталған сапарымыз одан әрі Арыс қаласы, Ордабасы, Сарыағаш, Келес аудандарында жалғасты.
Экспедиция барысында қоғам қайраткері Ө.Жәнібековтің көзкөрген замандастары, әріптес, қызметтес достары, тәлім берген шәкірттері, жақын туыстарымен жарқын кездесу болып, құнды естеліктер мен тың мәліметтер тыңдалды.
Келес аудандық Ішкі саясат, Мәдениет, Тілдерді дамыту және спорт, Білім бөлімі басшыларымен, аудан әкімінің орынбасарымен кездесіп, келген мақсатымыз айтылды, өтінішіміз тыңдалды. Соның нәтижесінде аудандық архив бөлімінен Ө.Жәнібековтің 1952ж. Ленин жолы мектебіне қызметке орналасқаны, сондай-ақ 1954 жылы оқу ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалғаны туралы бұйрықтардың түпнұсқалары табылды.
Одан бөлек жергілікті ардагер ақсақалдармен кездесу барысында біз іздеген көне фото-альбомдар мен өзі қызмет еткен Ленин жолы мектебінің негізгі орны, сондай-ақ 1952-55 жылдары мұғалім болған кезінде мектеп жанында жалдап тұрған үйі табылды. Сол себепті ізденіске толы бұл сапарымызды нәтижелі болды деп зор қуанышпен айта аламыз.
Алдағы уақытта да біртуар тұлғаның өнегелі өмір жолына қатысты ізденісіміз үздіксіз жалғасатын болады.
Алдыңғы ақпарат

«ЖАС ТУРИСТЕР» МУЗЕЙІМІЗДЕ ҚОНАҚТА

Келесі ақпарат

БАБ АРАБ КЕСЕНЕСІ