18 сəуір- Халықаралық тарихи орындар мен ескерткіштер күні

18 сəуір- Халықаралық тарихи орындар мен ескерткіштер күні (International Day for Monuments and Sites).

Дəл осы күнді 1982 жылы ЮНЕСКО аясында құрылған ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғауға арналған халықаралық Кеңес Ассамблеясы (ICOMOS) Дүниежүзілік мұра күні деп жариялаған.

Ал 1984 жылдан бастап бұл атаулы мереке əлемдік мəдени-тарихи құндылықтарды қорғау мəселесіне қоғам назарын аудару үшін аталып өтеді.

Сонымен қатар бұл мерекенің мақсаты-əлемдік мұралардың маңызы мен сақтау, қорғау бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен таныстыру.

Біздің елімізде 25 мыңнан астам тарихи мәдени мұра нысандары бар.

2019 жылдың 26 желтоқсанында Мемлекет басшысы «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Алдыңғы ақпарат

Профессор Жамбыл Артықбаев Түркістан құпияларына арналған онлайн-дәріс өткізді

Келесі ақпарат

ПРОФЕССОР ТҮРКІСТАННЫҢ ҚҰПИЯЛАРЫМЕН БӨЛІСТІ