Page 40 - Альбом
P. 40
Шілтен жерасты мешіті Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Тұрбат елдімекенінде Исмайл ата
кесенесінен шамамен 3 шақырымға жуық жерде орналасқан. Үйдің ауласында орналасқан жерасты
мешіті уақыт өте келе ғарының іші топыраққа тола бастағандықтан, жергілікті шырақшылар тарапынан
цементпен құрсауланып құйылған. Ішкі ғар бөлмесіне түсіп, өлшемдерін алуға мүмкіндік болмады. Ғарға
түсетін үңгірінің өлшемдері 1 м 15 м х 1 м 30 см, тереңдігі 3 м 5 см құрайды.
Шілтен парсы тілінен енген сөз, ол екі түбірден құрылған шіл – тен. Шіл парсы тілінде чил түрінде
айтылып, «қырық» деген ұғымды білдіреді. Тен тон болып айтылған, қазақ тілінде дара жұмсалғанда тән
қалпында айтылады, парсыларда чилтон (қырық тән) «көрінбейтін қырық қолдаушы» ретінде
түсіндіріледі. (З.Х. Гуламов. Чил сузиннинг кулдониши ва мағыналары//Узбек чевалары лексикасы.
Тошкент, 1966).
40

