Page 38 - Альбом
P. 38
шақта халықтың, жалпы мұсылманның биылғы жаңа жылда денсаулықтарының жақсы, жұмыстарының
жемісті, бала-шағаларының аман болуларын бір Алладан сұраған.
Тағы бір деректерде Ет жемес ешан өзі алғаш дәрісін тыңдаған диқан Салықбек ахуннан алған
білімін тәжірибеде сынап, іске асырғысы келген екен. Ондай жер қазіргі Түркістан облысының Келес
өзені жағасынан бұйырды. Анығырағы сондағы қазақтардан шақыру болды. Бір замандардағы бөлініс
бойынша, Келес өзенінің екі беткейі, Шанышқылы тайпасының «Дархан» ауылынан басталып, «Мамыт»
және «Араншы» ауылдарына дейінгі аралық «Құдайқұл-бесуыл» және «Әжіке» ауылдарына тиесілі еді.
Осындағы ағайындар өздеріне жетекші болатын бір ешанды қажет еткенді. Арадағы келісім шартты
әжікенің ішіндегі Серназар есімді жігіт ағасы жүргізді. Күндердің бір күнінде,екі дөңгелекті ат арбаға
мінген Ет жемес ешанды Келес өзенінің оңтүстік беткейін жайлап отырған Құдайқұл-бесуылдардың
қыстауына Серназар есімді азамат ертіп келген екен. Ел қуанып қарсы алып, мал сойдырып, жақын
маңдағы ағайындарды шақырып, Алла разылығы үшін садақа ас беріпті. Ешанға арнайы алты қанатты үй
тігіліпті. Осы күннен бастап, Келес даласының дамуында бетбұрыстар басталған екен. Оның басында
Алланың сүйікті құлы – Ет жемес ешан тұрған екен – дейді өлкетанушы Сейітомар Саттарұлы.
Ясауия сопылық мектебінің түлегі – Ет жемес ешан білімнің шариғат, тариқат, ақиқат, мағрифат
сатыларынан өткен. Алла туралы ақиқатты білген. Жаратушының назары түскен. Құдай берген
қасиеттерге ие болған. Желеп-жебеуші дәрежесіне жеткен. Жыл сайынғы шілде айларында, сол
қылуеттердің кезегі келгенінде, Аллаға 40 күндік мінажатын жалғастырды.
Ет жемес Ешан жерасты мешіті екі бөлмеден тұрады. Кіреберіс дәлізінің өлшемдері: ені 3 м., 7 см,
биіктігі 3 м. 10 см, диаметрі 2 м 41 см. Ғар бөлмесі есігінің өлшемі: ені 69 см, биіктігі 1 м 31 см құраса,
ғардың ішкі өлшемдері: ені 2 м 20 см х 1м 38 см. Ғардың жалпы биіктігі 2 м 3 см.
38