Page 37 - Альбом
P. 37

Ет  жемес  Ешан  ата  туралы  бір

                                                                                                      ғасыр бұрын жазбаша дерек қалдырған,
                                                                                                      патшалық               ресейдің            генералы

                                                                                                      Н.С.Лыкошин               (1870-1922)           өзінің

                                                                                                      «Түркістанда   өткен  жарты  ғұмыр»
                                                                                                      кітабында,  Ет  жемес  ешан  атаның

                                                                                                      «дербісанасына»  500   адамға  дейін

                                                                                                      жарлы-жақыбайлар                           қатысып,
                                                                                                      тамақтанатынын               жазған.         Осынша

                                                                                                      адамды тойындыратындай ешан атаның

                                                                                                      өзінде  байлық  болмаған.  Генералдың
                                                                                                      жазғанына           қарағанда,         Ешан         ата

                                                                                                      мүридтері мен  жеке адамдардан  келген

                                                                                                      сый-сияпаттар, қайтадан халықтың мұң-
            мұқтажына  (арық   қазу,  көпір  салу,  бау-бақша  өсіру,  жоқ-жұқаналарға  азық-түлік  тарқату

            т.б.)  жұмсалатын. Соның бір жарқын көрінісі – дербісана өткізу еді.
                  Генерал Н.С.Лыкошиннің жазбасында Ешан бабаның қазақтар арасында жасаған кезінде 4 жерде жер

            асты мешіті-қылуеті болған делінген. Соның біріншісі,  кейін  бүкіл Ташкент өңіріне «Ешан бау»  деген

            атпен белгілі болған  ауылдағы  «Ешан ата мазарының»  күн шығыс жағынан қазылған  еді.
                    Ет жемес ешан ата осы ауылда талай рет дербісана өткізген. Алланың өзі және оның Құрандағы сөзі

            туралы  жиналғандар  алдында  уағыз-насихатын   жүргізген.  Ясауи  бабамыздың  хикметтерін  оқыған,

            көпшілік болып зікір салып–Алланы еске алған. Соңынан жаңадан көк шығып, дала құлпыра бастаған


                                                                                    37
   32   33   34   35   36   37   38   39   40   41   42