Page 32 - Альбом
P. 32
Сөксөк атаның мазары, зияратжайы Сарыағаш ауданы, Жібек жолы ауыл округіне қарасты шөлді
аймақта, биік төбенің басындағы тегістіктегі ескілікті қорымда.орналасқан.
Ешкі пірі Сексек ата шежірелік деректерде Қазығұрт тауының бауырында Тұрбат деген жерде
жерленген Исмайыл атаның баласы делінеді. Аңызға көз жүгіртсек: «Ал Шекшек болса ағасының
қатыгездігін айтып, ел-жұртына рахымды болуды, қуып жіберген інілерін тауып әкелуді айтқан екен. Ол:
«Сен мені құртып, орнымды алғалы жүр екенсің»,- деп жазалап, осы маңдағы иен далаға әкеліп тастапты.
Қорлыққа шыдамаған Шекшек талай рет өліп алмақ та болыпты. Ақырында қайратына мініп, есін жиып,
етегін түріп, қырат-қыраттың тауешкі асатын жолдарын бекітіп, мың бір жапада қыруар тауешкілерді
қолға үйретіп алыпты» – деген деректі байқаймыз.
32