Page 35 - Альбом
P. 35
Имам Марғузи жерасты мешіті— ХІХ ғасырға тән архитектуралық ескерткіш. Түркістан оазисіне
қарасты Шобанақ елді мекенінде орналасқан. Мешіт ескі қорымның төбешігінде қабырғасы кесектен
тұрғызылған. Порталды күмбез құрылысы дәстүрлі ортағасырлық архитектуралық мектебіне тән —
негізінен Оңтүстік Қазақстан өңірінде көптеп кездеседі. Мешіт көне үлгіде салынып, кейінірек қосымша
шілдехана бөлмесі қосылған. Мешіттің архитектуралық құндылығы көркем. Құрылыстың жобасы
төртбұрышты, күмбезі конус түрінде жасалған. Мешіттің шілдехана бөлмесі сопылардың діни әдет-ғұрып
жасауына ыңғайланыстырып жасалған.
Аңыз, әпсаналарда Имам Марғузи Қожа Ахмет Ясауимен айтысу үшін Бағдаттан арнайы келген.
Қожа Ахмет Ясауидің әулиелігін мойындап өмірінің соңына дейін мүриді болып, көптеген шәкірті
тәрбиелеген. Ол үстіне кілең көк түсті киім киіп жүргендіктен Көк тонды-ата деп аталған. Өзінің шын
есмі —Имам Марғузи. Ұлты парсы болғандығы айтылады.
35