Page 30 - Альбом
P. 30

Шәмет ишан  мешітінің


                                                                                                                            сызбасы.
















                  Шәмет  ишан  мешіті    —              ХІХ  ғасырда  салынған  архитектуралық  ескерткіш.    Құрылыста    үлкен

            құлшылық , кіші құлшылық бөлмесі, қылует, ғар бөлмесі, шаруашылық бөлмесі және коридор бөлмесі

            қарастырылған.  Мешіт  күйдірілген  кірпіштен  салынған.  Түркістан  аумағында  орналасқан  қылует
            мешіттердің соңғы үлгілерінің бірі болып табылады. Мешітте сопылардың қырық күн шілдеде діни әдет-

            ғұрыптар өткізуіне барлық жағдайы жасалған. Мешіт екі күмбезбен көмкерілген. Ондағы ағаш бағаналар

            тіреуіш қызметтерін атқарған. Мешітке қосымша айван бөлмесі қосылған.

                    Мешіттің жанынан медресе құрылып, онда ондаған мүридтер білім алған. Медреседе ХІХ ғасырда

            Шортанбай Қанайұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Балмағамбет Балқыбайұлы, Молда Мұса Байзақұлы т.б.

            қазақ зиялылары оқыған деген деректер бар. Мешіттегі медреселер ХХ ғасырдың ІІ-ші жартысына дейін
            жұмыс істеген.


                                                                                    30
   25   26   27   28   29   30   31   32   33   34   35