Page 27 - Альбом
P. 27

Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен солтүстік батысқа қарай 12 м жерде орналасқан жерасты нысанының
            бірі – Шілдехана жерасты мешіті. Онда сопылар қырық күн шілдеде діни әдетғұрыптар өткізетін орын

            болған. Шілдехана құрылысы ХІV-ХV ғғ. салынған деп есептеледі. Уақыт өте келе, қирап көміліп қалған
            ескерткішке  1958  жылы  археолог  ғалым  Н.Б.Немцева  (Немцева,  1961:  92-95)  археологиялық  зерттеу
            жұмыстарын  жүргізеді.  Шілдехана  жерасты  мешітінің  тек  төрт  қабырғасымен  кіреберіс  дәлізі  ғана

            сақталған. Жерасты мешітінің басқа да бөлмелері болған болуы тиіс деген жорамал жасауға болады
                        1997-2001  жж.  М.Тұяқбаев  бастаған  Түркістан  археологиялық  экспедициясы  Кіші  Қылуетті

            қайтадан  қазып,  зерттеу  жұмыстарын  жүргізді.  Нәтижесінде           «Кіші  Қылует»  1943  жылы  бұзылып,
            кірпіштері май заводын («Антибиотик») салуға жұмсалғандығын растады.























                                                                                    27
   22   23   24   25   26   27   28   29   30   31   32