Page 23 - Альбом
P. 23

Қожа  Ахмет  Ясауи  кесенесінен  оңтүстікке  қарай  1  км  жуық  жерде  ашық  далада  орналасқан.
            Сопылардың діни рәсімдер өткізуіне арналған. Мешіт екі бөлмелі, ұзынша келген (он метрге жуық) ені

            тар  дәлізді,  шыға  берісінде  есігі  бар  үңгір  құрылыс.  Шикі  кірпішпен  қаланған.  Түкпіріндегі  бөлменің
            көлемі 2х2 м жуық, биіктігі 1,6 м, төбесі шатырлы күмбезбен көмкерілген. Оған іргелес диаметрі 2,5 м
            және биіктігі 2 м шамасында дөңгелек пошымды үй күмбезделіп жабылған. Дәлізі иірлі келген, негізгі

            құрылыс  күйдірілген  кірпіштен  қаланған,  күмбезбен  көмкерілген.  Төбенің  орта  деңгейінен  құдық
            тәріздес, диаметрі 1 м шамасында, дәлізге жарық түсетін ойық жасалған. Жерасты мешітке кіретін есік
            қирап  қалғандықтан,  баспалдақтың  сатылары  анықталмаған.  Мешіт  пен  дәліздің  қабырғасы  шаршы

            пішінді күйдірілген кірпішпен өрілген. Бөлме қабырғаларында шырағдан қоюға арналған шағын қуыстар
            қарастырылған. Құрылыстың ішкі құрылымы сыланбаған.
                  Жерасты мешіті Х-ХІІ ғғ. өмір сүрген әулие Құмшық ата атымен байланысты айтылады. Зерттеулер
            мешітті ХІІ ғ. бастап, халық жиналып, діни уағыздар рәсімі өтетін орын болғандығын растайды. Сонымен

            қатар, ел аузындағы аңызға сүйенсек – Қожа Ахмет Ясауи өзі де жер асты жолы арқылы «Әулие Құмшық
            ата» мешітіне барып мінәжәт етіп отырған деген ел арасында аңыз бар. Олай болса, Х-ХІ ғғ. Құмшық ата
            жерасты мешітінің «Ғар» бөлмесінде сопылар өмір сүріп, олардың шәкірттері «Шілдехана» бөлмесінде

            жиылып зікір салып, сопылық әдет-ғұрыптар жүргізген деуге толық негіз бар (Сенигова, 1976:105–106).
            Құмшық  ата  жерасты  мешітіне  1973–1974  жж.  Қазақ  КСР  Мәдениет  министрлігі  мен  Ғылым
            Академиясының жанынан құрылған Тарих, археология және этнография институты бірлесіп экспедиция
            өткізді.  Экспедиция  жұмысына  археолог  Т.Н.Сенигова  жетекшілік  жасады.  1985  жылы  Құмшық  ата

            жерасты мешітіне жөндеу жұмыстары жүргізілді. Құмшық ата мешіті 2013 жылы толық қайта қалпына
            келтіріліп, ішкі жағы консервацияланып үсті топырақ үйіндісімен жабылды.
                  Ахмет Ясауи кесенесінің солтүстік-батыс бетіндегі 22 м қашықтықтағы «Шілдехана» құрылысы да

            ХІІ-ХІІІ ғасырларда салынған жартылай жерасты ғимараты, кейіннен қалпына келтірілген.





                                                                                    23
   18   19   20   21   22   23   24   25   26   27   28