Page 45 - Альбом
P. 45
Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Абай ауылында
«Ясауи ізімен» ғылыми экспедициясы аясында сопылардың
мінәжат орны - жерасты мешітінің орны табылды. Абай
ауылының тұрғыны Досжан Қыдырәлінің
айтуынша, «Заманында Байғара би, Құнанбай
қажы бастаған ел тұтқалары Түркістаннан бір топ қожа-
молдаларды Шығыс жеріне алдырып, мешіт-медресе
салдырып, балаларға діни білім беру жұмысын үйлестіреді.
Сол шығыс жеріне қоныс аударған Шахи Ахмет ишан қайта
оңтүстік өңіріне қоныс аударып, өздерінің ата қонысы
Түлкібас ауданына қарасты Абай елдімекеніне тұрақтап,
мешіт-медресе салғызады. Жылына бір рет Аппақ ишан,
Етжемес ишан сынды діни тұлғалар шәкірттерімен осы
жерасты мешітіне жиналып, құлшылық жасаған. Шахи
Ахмет ишан Созақ жеріне қоныс аударып, ұлы Сапар Мағзұмға мешітті басқаруды тапсырған екен. Жерасты мешіті мен
медресесін Шахи Ахмет ишан салғызған болуы ықтимал. Бір мезетте жиналған молдалар жерасты мешітіне 30-40 адам
болып түсіп, діни ғибадаттарын орындаған. 1890-1910 жж. Н.Шабуров бастаған орыс әскерлері жерасты мешіті мен
медресені бұзып, қожа-молдаларды қудалаған. 1926 жылдары Сапар Мағзұм Абай ауылына қайта оралып, мешіт-
медресе орнынан мектеп салдырып, ауылдан жаңа мектеп бой көтергенге дейін, 1970 жылдарға дейін бастауыш мектеп
ретінде жұмыс атқарған»,-деген пікір білдірді. Өлкентанушы А.Қабден-Кәрімнің жазуынша «Шахи Ахмет әйгілі Байғара
бидің ауылында Аягөз, Тарбағатай өңіріне ілім таратқан ғұлама, Бұқара, Уфа сопыларынан білім алған зиялы. Ол патша
үкіметі тарапынан қуғындалып, итжеккенге Үркітке айдалады. Халық тақуаны мал жинап, соңынан іздеп барып
абақтыдан құтқарып алады, ол кісі Тройцк арқылы Аягөзге аман-есен оралады. Кейіннен қуғын-сүргіннен бой тасалап,
Созақ өңіріне орналасып рухани ілімін жая түскен. Оның баласы Сапар Мағзұм қазіргі Түркістан облысына қарасты
Түлкібас ауданының Көкбұлақ елді мекеніне келіп, діни-ағартушылық қызметтер атқарған. Көкбұлақтағы ауыл
қарияларының айтуынша, дінге қарсы атеистік көзқарас орнағанға дейін осы ауылда жұма сайын жан-жақтан
машайықтар жиналып, мешіт құжырасында зікір салып, ауру-сырқауларды шілдеге салатын орын болған екен»,-[6]деп
жазды. Түлкібас ауданы, Абай ауылында орналасқан жерасты мешітінің ұзындығы шамамен 8 м., ені, 7 м. құрайды.
45