Page 13 - Альбом
P. 13
кірпіштерден бір жарым қатар қалыңдықпен қаланған, қабырғаларында шырағдан қоюға арналған
шұңғыл ойықтар бар. Археологиялық қазба негізінде «Ғар» бөлмесінің Ахмет Ясауи өмір сүрген ХІІ
ғасырда салынғандығы анықталып, қазба материалдарымен дәлелденді. Жер бетінен 4 –4,5 метр
тереңдіктегі қабірді еске түсіретін, тар, сыз бөлмеде өмір сүрген Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың
Алланы зікір еткен кезде тізелері кеудесіне үйкеле-үйкеле киімі тесіліп қалған екен деген, жәй көзге
сондай тар болып көрінгенмен Құдайдың Рахым шапағатының көрінісі ретінде қылуеттің шексіз кең
екендігі және басқа да кереметтері туралы аңыздар бар. 1929 жылы ғалым В.А. Гордлевскийдің
жариялаған дерегіне сүйенсек, Ахмет Ясауи пайғамбар жасына жеткен соң «жер бетінде қанша өмір
сүрсем, жер астында да сонша жасаймын» деп «Ғарға» түскен. Ғалымның жазуынша ХХ ғасырдың
бірінші ширегінің өзінде жыл сайын «Халуатқа» қысқы күн мен түн теңелер мезгілде жиналып зікір
салатындардың саны жиырма мыңға жетіп отырған.
1972-1973 жылдардағы Т.Н. Сенигованың және 1979 жылы Е.А. Смағұлов жүргізген археологиялық
зерттеу жұмыстары нәтижесінде Қылуеттің (Үлкен Қылуеттің) ХV-ХVІ ғасырларда салынған бөлігінің
орыны анықталып, қайта қалпына келтірілді. 1996 жылы «Әзірет Сұлтан» қорық-мұражайының
күшімен жүргізілген археологиялық қазба “Қылует” жер асты мешітінің едені астында орналасқан
“Ғар” бөлмесінің жарма көрінісі. I – “Ғарға” түсетін шұқыр. II – “Ғарға” барар жол. III – “Ғар” бөлмесі.
Биіктігі -180 см., қабырғаларының ұзындығы – 130х135 см. негізінде «Ғар» бөлмесінің Ахмет Ясауи
өмір сүрген ХІІ ғасырда салынғандығы анықталып, қазба материалдарымен дәлелденді. Қалпына
келтірілген Қылует жер асты мешіті бүгінде «Әзірет Сұлтан» қорық-мұражайының қарамағындағы
мұражай ретінде халыққа қызмет жасауда. Музейде Шойын қазан (ХІҮғ.), Қабірхана шымылдығы
(ХҮІІғ.), Жайнамаздар (ХҮІІІғ.), т.б. құнды жәдігерлер қойылған. Осындай құрылыстың қайта қалпына
келтіріліп, мұражай ретінде ашылуына скульптор А.Л. Шмидтің 1940 жылы «Қылует» мешітінің
макетін ағаш, папье-маше, қағаз бен сазды пайдаланып жасап қалдырған еңбегі себеп болды. Біз
ұсынып отырған «Қылуеттің» құрылыс сызбасы А.Л. Шмидтің макетінен алынған. “Қылует” жер асты
мешітінің құрылыс сызбасы. (А.Л. Шмидтің 1940 ж. макетінен алынған)
13