Page 11 - Альбом
P. 11
оның бақылауында өтетін Ясауи тариқатының әдебіндегі ерекше әдістердің бірі екені баяндалады.
Қылует қырық күнге созылатын, күні-түні ұйқы мен тамақтан шектеліп, тәкбір, алқа зікір, “истифғар”
(кешірім дұғасы) оқылып, Құдайға құлшылықпен өтетін ғибадат мерзімі ретінде сипатталады. «Әзірет
Сұлтан қабіріне үнемі зиярат етсе де, жылда бір рет зұлхиджа айының алдында үлкен рәсімді түрде
сопылар қылуетханаға кіреді. Соңғы жылдарға дейін бес-алты мың адам тек қана осы мақсатпен
жиналатын» деп жазылған 1914 жылғы «Шура меджмуасындағы» мақалада. Ахмет Ясауидің жақын
туысы Мәулана Сайфуддин Орын Қойлақы қолынан туған «Насабнама» шежіресінде Ахметтің әкесі
Ибраһим шайықтың отызға жуық «Қылует» мешіттеріне билік жүргізгені айтылады. Ясауидің ата-
бабаларының ең сенімді шежіресі саналатын бұл еңбекте Ахметтің өзіне де елуден аса «Қылуеттің»
бағынышты болғандығын, олардың жұмысына басшылық жасауға Ясауи өз мүридтерін жіберіп
отырғандығын келтірген. Бұл мысал «Қылует» мешіттерінің Ясауиден бұрын пайда болып, оның
тұсында нағыз шарықтау кезеңіне аяқ басқандығын көрсетеді. Қаламызда «Қылует» мешіттерінің
міндеттерін атқарған «кіші Қылует» «Әулие Құмшық ата», «Шілдехана» құрылыстарының қалдығы
осы күнге дейін сақталған. Бұлардың соңғы екеуі қазіргі күні қалпына келтірілген, ал «Кіші Қылует»
«Үлкен Қылует» сияқты 1942 жылы бұзылып, кірпіштері Май заводын («Антибиотик») салуға
жұмсалған, ол Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің батыс жағында 50-60 метрдей жерде орналасқан
болатын. Қылует (Үлкен Қылует) мешіті Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен оңтүстікке қарай 140 м
қашықтықта орналасқан. 1940 жылы май заводын салуға кірпіштерін бұзып алмас бұрын, скульптор
А.Л. Шмидтің жанашырлығымен Қылует мешітінің макет жобасы жасап қалдырылды. Соның негізінде
және археологиялық зерттеу жұмыстары нәтижесінде Қылуеттің (Үлкен Қылуеттің) ХV-ХVІ
ғасырларда салынған бөлігінің орыны анықталып, қайта қалпына келтіріліп,
мұражайға айналдырылды. Қылует өз заманында қабырғалары топырақпен сыланған, оңтүстік
фасадында негізгі есігі және батысында шаруашылық есігі бар жартылай жер асты ғимараты болған.
Зерттеулер нәтижесінде бірнеше кезеңдерде салынғаны анықталған құрылыстың, ең көнесі Ғар бөлмесі
(ХІІ ғ.). Ғар баспалдақ арқылы Мешіт бөлмесіне шығады. Мешіт бөлмесі (өлшемдері – 5х5 м) шаршы
11