Page 12 - Альбом
P. 12
бөлме, қабырғалары кірпіш. Жабындысы «уассы» түрінде белағаштар арқылы жабылған. Батыс
қабырғасында михрабы бар. Еденіне шаршы кірпіштер төселген. Мешіт бөлмесіне шығыстан батысқа
бағытталып, созылыңқы, төртбұрышты қылып салынған үлкен Жамағатхана бөлмесі арқылы кіреді.
Кірпіштен салынған Жамағатхананың төбесі ағаш белағаштардан құрастырылып жабылған, бірнеше
қатар ағаш діңгек ұстындармен тірелген, желдеткіш тесіктері, бөлменің орта тұсында ағаш күмбезі бар.
Ғимараттың ұстындары аса құнды сәндік және символдық мән-мағынаға толы өрнектермен
безендірілген еді. Бірақ, олар бүгінде Ташкент қаласының өнер мұражайында көрмеге қойылған,
қалпына келтірілген ғимаратта сақталмаған. Қабырғаларды бойлай кірпіш суфалар және
шырағдандарға арналған ойықтар бар. Қылует мешітінің негізгі құрылымы жер астындағы «Ғар» және
оның үстіне салынған «Мешіт» немесе «Шілдехана» бөлмелерінен тұратындығын, «Шілдеханасы»
жартылай жер астына орналасатындығын «Әулие Құмшық ата», «Кіші Қылует» мешіттерінің
құрылысынан да байқаймыз. «Шілдеханалар» мен мешіттер салуда «қасиетті» саналатын жерлер
таңдап алынған. Ел аузындағы аңызда – Қожа Ахмет Ясауидің өзі де жер асты жолы арқылы «Әулие
Құмшық ата» мешітіне барып мінәжат етіп отырған. Әзірет Сұлтан дүниеден өткен соң шәкірттері
Ғардың жанына дөңгелек бөлме «Шілдехана» салған сияқты, кейіннен ол тарлық ете бастаған кезде
бұзылып, қазіргі көріністегі «Қылует» салынған. Бұған дәлел – «Шілдехананың» жанына салынған
«Мешіт» бөлмесінің «Ғармен» қабырғаларының сәйкес келмеуі. Жаңа құрылыс салу кезінде
«Мешіттің» оңтүстік-шығыс қабырғасы «Ғардың» үстінен түсіп кеткен және «Ғарға» түсетін ойық
мешіттің сыртында – бұзылып кеткен «Шілдехананың» ішінде қалып қойған. «Шілдехананың» орнына
үлкен «Жамағатхана» салынған. «Шілдехана» парсының «чеһл» – қырық деген сөзінен шыққан, мұнда
Ясауидің жолын ұстаушылар қысқы «қырық күн шілдеде» жиылып зікір салып, діни жоралғылар
өткізетін болған. Орын Қойлақының «Насаб-намасында» мұндай мешіттер Отырарда және Сырдың
батыс бетіндегі Зернұқ (Уәсидыс) қаласында да болғандығы айтылған.
Қожа Ахмет Ясауи өмір сүрген «Ғар» бөлмесінің қабырғаларының ұзындығы 135 х135 см.,
биіктігі175 см., «балх» әдісімен қаланған төрт қырлы күмбезбен жабылған. Құрылыс 25х25 см.
12