Page 10 - Альбом
P. 10
Қылует жер асты мешіті
Қылует жер асты мешіті, ХІІ-ХV-ХІХғғ. Республикалық мәртебеге ие ескерткіш. XII ғасырда
салынып XX ғасырдың бірінші жартысына дейін үздіксіз жұмыс істеп тұрған, жартылай жер астында
орналасқан ортағасырлық діни құрылыстардың бірі. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің оңтүстігінде 140м
қашықтықта орналасқан.
Алғашқыда Он сегіз бөлмеден тұрған бұл жартылай жер асты құрылысы жан-жақты діни, рухани,
мәдени қызмет атқарған кешен болуымен назар аудартады. Құрылыста адам өмір сүруіне, құлшылық-
ғибадатын атқаруға қолайлы жағдай жан-жақты қарастырылған. Мұнда жер астындағы Қожа Ахмет
Ясауи салдырған бір адамдық «Ғар» бөлмесіне қоса «Мешіт» бөлмесі, «Жамағатхана» залы,
шәкірттерге арналған «Құжыра» бөлмелері, ыстық су дайындайтын, жуынатын, дәрет алатын бөлмелер
де ескерілген. Деректерде «Қылует» мешітінің қонақ үйлері мен жылқы байлайтын ат қоралары да
болғандығы жазылады. «Қылует» сөзі арабша «Халуәтун» – жалғыз, оңашаланып өмір сүруге ұмтылу
деген мағына береді. «Қалыпты (жүректі) бұрыс, сенімдерден, жаман әдеттерден арылтуды, құтқаруды
– “Қылует” дейді. Атақты суфи Қушайри муридтің бүкіл болмысын Аллаға арнап, Алладан басқа
барлық нәрседен қол үзуін яғни, рухани жалғыздықты, қоғамнан жырақ жеке дара өмір сүру, тәнімен
“халық арасында, рухымен хақпен бірге болуды да Қылует дейді” деп түсінік береді зерттеуші Досай
Кенжетай. Қылуеттің рухани кемелдену жолы ретінде тариқат әдебінде маңызды орын алғанын
баяндай келіп: «Ясауи тариқатында (жолында) “Қылуеттің” өзіндік маңызы мен өзіне тән әдебі (қағида
ережелері) бар. Қылует кезінде нәпсіге, шайтанға тиесілі ләззаттар, қалаулар, ниеттер жанып жоқ
болады. Адамзатқа тән қараңғылық және басқа да қайғы-мұң жойылады, ішкі рухани дүниесі нұрланып
тазарады және тағы да осы сияқты көп нәрселерге қол жеткізеді» дейді түрік зерттеушісі М.Ф.
Көпрүлү. Ясауи тариқатындағы Қылует рәсімі жайлы “Жауахайрул әбрәр” атты дерек көзіне сүйене
отырып, былай жазады: “Қылуетті қалаған адам халықтың аманшылығынан қорғану үшін емес, өз
жаманшылығынан қорғану үшін бұл әрекетті таңдап алдым деп ойлауы керек. Өйткені керісінше
болған жағдайда өркөкіректік пен тәкәппарлыққа жол береді”. Қылуеттің ұстаздың ұйғарымымен және
10