Page 74 - Альбом
P. 74

Масат  ата  жерасты  мешiтi  –  Маңғыстау  ауданы,  Ұштаған  ауылынан  20  км  оңтүстiк-шығыста

            орналасқан.  Зерттеулер  нәтижесiнде,  қауымнан  526-ға  жуық  ескерткiш  есепке  алынған.  Қауымдағы
            алғашқы  ескерткiштер  шамамен,  14-18  ғғ.  аралығын  қамтиды.  Қауымның  оңтүстiк-батысында  Масат

            атаның  жер  асты  мешiтi  орналасқан.  Мешiттiң  iшкi  аумағы  4  қанат  үйдей.  Есiк  қапталынан  михраб,

            қабырғаларынан сөрелер қашалған. Төбедегi тесiк аузы таспен биiктетiлген.
                  Масат  ата  аңыз  әңгiме  дерегi  бойынша  –  Хорасаннан  келген,  қарудың  қай  түрi  болсын  ешбiрi

            дарымайтын, әрi жауынгер, әрi молда кiсi болған. Жаулары оны өлтiрудiң сан алуан әдiсiн жасап көредi,

            бiрақ  еш  нәтиже  шығара  алмайды.  Сонда  ең  соңғы  тәсiл  әйелi   арқылы  батырдың  ерекше  қасиетiнiң
            сырын бiлуге кiрiседi. Масат ата таң намазына тұрғанда,  өз денесiнiң жүйе-жүйесi босап, отырған орны

            мен төңiрегi бастапқы күйiн өзгертiп, бей-жай күйге түседi акен. Және намаз кезiнде батырдың да бойы

            жұмсарып, әлсiзденедi, ол төңiрек құм мен тас та еридi екен. Мiне, осындай сәтте жау да келiп Масат
            атаның  басын  шапқан.  Шабылған  бас  жаюлы  жайнамазға  түседi,  Масат  ата  басын  жайнамазға  ораған

            күйде үйден шыға жүгiрген, сонда үй қасындағы құлыны бар сауын бие де артынан ерген екен. Атаның

            да, құлын мен биенiң iздерi де, атаның мойынынан тамшылаған қанның iзi де жолдың құбыла тұсындағы
            көк тасқа айна-қатесiз түсiп қалған. Масат ата пырақ болып ұшып кетiптi. Сонымен Масат атаның зираты

            жоқ,  бiрақ  өлкедегi  ең  ескi,  ежелгi  киелi  орын  осылай  аталады. 1982  ж.  Республикалық  мәртебеде
            мемлекеттiк қорғауға               қабылданған            тарихи-мәдени             ескерткiш.          Қазақстанның             жер-жерiнен

            зияратшылардың келетiн киелi орын.









                                                                                    74
   69   70   71   72   73   74   75   76   77   78   79