Page 77 - Альбом
P. 77

Төлеген-әулие  жерасты  мешіті  –  Шайыр  ауылынан  20

                                                                       шақырым  солтүстік-батыс  бағытта  орналасқан.  Қаратау
                                                                       сілемдерінің батыс бөлігіндегі «Тасжол» деп аталатын айқаса

                                                                       орналасқан  тау  жотасының  оңтүстік-шығыс  жартасынан

                                                                       қашалған  үңгір-кеуектегі  мешіт  құрылысы  бір  бөлмеден
                                                                       тұрады.  Оңтүстікке  бағытталған  кіріс  ойығының  биіктігі  110

                                                                       см, ені 120 см, жоғарғы бөлігі доғалана қашалған. Қалыңдығы

                                                                       90  см  болатын  кірісінің  солтүстік  жақтауына  эпиграфика
                                                                       кескінделген.

                                                                             Бөлменің  солтүстік  бағыттағы  қабырғасының  орта

                                                                       тұсынан  өлшемдері  140х140х81  см  төртбұрышты  ойықтың
                                                                       ішіне  қарай  бір  адам  тізерлеп  еркін  отыратындай  қуыс

                                                                       (михраб)  жасалған.  Мешіт  қабырғаларының  кей  жерлерінде

                                                                       төте жазуы кездеседі.
                                                                             Жазба деректерде мешіт алғаш рет Гаспар Насибьянцтың

                                                                       1900  жылы  осы  жерлерде  жүргізген  топографиялық
                                                                       зертеулерінде кездеседі. Ол былай деп жазған – «Тас жолдың

                                                                       етегінде  көлемі  үш  шаршы  аршын  болатын  үңгір  бар.  Бұл

            үңгірдің жарлары мен  төбесі әртүрлі бояулармен  сырланыпты. Кіре беріс жерде темір байланған  ағаш
            тұр. Бұл Төлеген әулиенің моласы екен».

                  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы

            бойынша Қазақстанның жергілікті маңызы бар қасиетті нысандар тізіміне енгізілді.


                                                                                    77
   72   73   74   75   76   77   78   79   80   81   82