Page 71 - Альбом
P. 71

Сұлтан үпі жерасты мешіті 1982 жылы жергілікті дәрежеде мемлекет қамқорлығына алынған. Зиярат
            орны және Сұлтан-үпі кесенесі - тік қойылған ағаш сырықты шеңберлі қоршау түріндегі әулие Сұлтан үпі

            қабірі  бастап  тұр.Жерасты  мешіті,  зираттан  біршама  қашықтықта  солтүстік-шығысқа  қарай
            орналасқан.Сұлтан-үпі  мешіті  жердің  тастақ  қабатынан  ойылып  салынған.  Мешіт  теңіздің  солтүстік
            жағажайының оңтүстік-басты бөлігінде орналасқан. Ескерткішті Маңғыстау Мәдени-тарихи мұраларды

            қорғау мекемесінің мамандары 2003 жылы зерттеген. Жерасты мешіт бірнеше камералық бөліктерден - 9
            бөлмеден  тұрады.  Мешітке  түсер  баспалдақ  өңделмеген  әртүрлі  өлшемдегі  тастармен  тіке  қаланған.
            Баспалдақ арқылы биік күмбезді залға түседі. Қабырға құрылысы тастан қаланған. Бөлме ішінде біршама

            көтеріліп  шығатындай  баспалдақ  жасалған.  Зал  тікбұрышты,  қабырғалары  горизонтальды  қалауымен
            биіктігі 3м-ге дейін жетеді. Залдың солтүстік қабырғасында да ойығы бар, тар бөлмеге апарады.
                  1873  жылы  Тбилиси  (Тифлис)  қаласында  басылып  шыққан  «Предания  адаевцев  о  святых  секты
            ханафие,  живших  и  умерших  на  Мангышлаке  //Сборник  сведений  о  кавказских  горцах»  7-ші

            шығарылымында  жазылған  аңыз-деректерде  Сұлтан  епе   Сүлеймен  Бақырғанидың  баласы  екен  (аңыз
            әңгімелерде ол кісіні Хаким ата деп те атайды).
                  Аңыз бойынша, Сұлтан үпі адамзатты су апатынан құтқарушы. Адамдар «Сұлтан үпі, сақтай гөр су

            апатынан» деп жалбарынған. Әкесінің міндетті намазын оқуы үшін, Меккеге бармас үшін Қағбаны әкеліп
            берген. Өлген жануарды тері мен сүйектен қайтадан тірілткен. Сұлтан үпі жерасты мешітін салған адам –
            Хайролла  есімді  сопы.  Енді  бір  деректерде  Сүлеймен  Бақырғани  баласы  Сұлтан-үпінің  кереметтілігі
            өзінен асып түсетінін байқағаннан кейін, «Балам, екі қошқардың басы бір қазанға сыймас» деген. Бірде

            құрбан айт мерекесінде Хакім атаның мүридтері жиналып он өгіз сойып, келесі күні келген Сұлтан-үпіге
            ештеңе  қалдырмастан  жеп  қойғаны,  жалпы  әкесінің  баласына  әр  кез  сенбестік  білдіріп,  сын  көзбен
            қарағаны үшін ренжіп, әке-шешесімен қоштаспастан, көрінбей кеткені жайында жазылады. Хакім ата жоқ

            болып кеткен ұлын ұзақ іздейді, бірақ таба алмайды. Мұны естіген Қожа Ахмет баласына дөрекі қараған
            Хакім  атаға  ренжіп,  сенің  молаңның  үстінен  қырық  жыл  бойы  су  ақсын  деп  бата  береді.  Көп  ұзамай
            Үргеніш (Әмудария) өзені өз бағытын өзгертіп, Бақырған қаласын қиратып, оның үстімен ағады.



                                                                                    71
   66   67   68   69   70   71   72   73   74   75   76