Page 67 - Альбом
P. 67

Ишан  Қожа  жер  асты  мешіті –  дәстүрлі  діни  сәулет  өнері  ескерткіші. Түпқараған  ауданының Форт-
               Шевченко қаласының оңтүстік жағынан 30 км жерде орналасқан мешіт Ишан қожа қорымының (кейбір

               деректер  бойынша  Сейіт  қожа)  шетіндегі  төбенің  жартасынан  қашалып  жасалған  үңгір  ғимарат.
               Мешіттің  кіреберісі  оңттүстікке  қараған;  аласалау  дәлізіне  өң-делмеген  беті  тегіс  тастар  төселген.
               Шығысындағы  намаз  оқитын  бөлменің  оңтүстік  қабырғасынан  михраб  қашалып  жасалған.  Мешіт
               құрылысы  жақсы  сақталған.  ХVІІІ-ХІХ  ғасырлардағы  дәстүрлі  діни  сәулет  өнерінің  ғимаратына

               жататын мешіт жанындағы қорымда 50-ге тарта ескерткіштер шоғырланған. Ел аузындағы және тарихи
               деректерге  қарағанда  бұл  өңірде  ХVІІІ-ХІХ  ғасырларда  балық  аулау  кәсіпшілігімен  айналысқан
               түрікменнің  қожа  тайпасының  елі  жайлаған.  Осыған  байланысты  қорымдағы  ескерткіштерде

               белгіленген  таңбалардың  көбі  қожа  тайпасының,  яғни  шеңбер  тәрізді,  тек  аз  ғана  бөлігі  ғана  адай
               тайпасының  қа-біртастары саналады. Мешіт құрылысы Маңғыстау  облысы әкімінің шешімімен  2002
               жылы жергілікті дәрежеде мемлекеттік қорғауға алынған.



                                                                                    67
   62   63   64   65   66   67   68   69   70   71   72