Page 65 - Альбом
P. 65

Қараман ата жер асты мешіті —

                                                                                                            ХІІ-ХVІІ  ғасырларға  жататын  діни
                                                                                                            сәулеттің  бірі.  Сәулеті  келіскен

                                                                                                            мешіт         Маңғыстау           ауданының

                                                                                                            Шетпе        кентінен        35      шақырым
                                                                                                            оңтүстік           батыс          бағытында,

                                                                                                            Қандыбас қыстағының батысында 5

                                                                                                            шақырым  жерде  орналасқан.  Жер
                                                                                                            асты  мешіті  үш  бөлмеден  тұрады:

                                                                                                            кіреберіс  бөлме,  оған  жалғасқан

                                                                                                            намаз оқитын зал және Қараман ата
                                                                                                            жерленген дөңгелек бөлме.


                                                                                                                 Кей зерттеушілер «Қараман ата
                                                                                                            Есен атаның баласы, Шопан атаның

                                                                                                            немересі.        Барлық        жағынан         ол
            атасына  тартып,  көптеген  кереметтер  жасаған,  Шопан  ата  моласына  барар  жолда  мешіт  тұрғызған.
            Қараман  ата  өмірден  өткен  соң,  мешіттің  жанында  жерленген.  Бірақ,  нақты  қай  жерде  екені  белгісіз»

            дейді. Ал басқа аңыздарда Қараман ата мен Есен ата Шопан атаның балалары делінеді. Қараман атаны
            бүкіл халық құрмет тұтқан. Ол тіпті көзі тірісінде-ақ әулие атанған жан. Адасқанда тура жолға бастап,
            жастарды қолдап, желеп-жебеп отырған. Қараман ата жер асты мешіті — бағзы заманнан бері ант берісіп,
            ақ-қараны айыратын бірден-бір қасиетті де киелі орын.





                                                                                    65
   60   61   62   63   64   65   66   67   68   69   70