Page 91 - Альбом
P. 91
Құлшан ата жерасты мешіті
Атырау облысы Жем бойында,
Ақкиізтоғай ауылынан солтүстік-
шығысқа қарай 10 шақырым жерде,
Ақмешіт қорымдығына таяу
орналасқан. Мешіттің алғашқы
құрылысы туралы ХІХ ғасырдың
50-ші жылдары осында болған орыс
топографы А.Алексеев:"...борлы
төбені үңгіп жасалынған мешіт екі
бөліктен тұрады, олар бірі-бірінен 7
сажын қашықтықта", – деп жазған.
Бірінші бөлікте діни жоралғылар
жасалған, ал екіншісінде қайтыс
болған адамның кебінге оралған
денесі қойылған. Мешіттің иесі Құлшан деген әулие алпыс үш жасқа жеткен соң мешіттің бір бөлмесін
мекендеп тұрады, кейін сонда жерленген деген аңыз да бар.
Соңғы жылдары мешітті сақтап қалу үшін құрылыс жүргізілген, ол екі бөлмеден тұрады. Біріншісі
кіреберіс бөлме, екіншісінің төбесі ұлутастармен күмбезделген, ол арқылы жерасты мешітінің алғашқы
үңгіп салынған екі бөлмесіне кіруге болады. Мешіт алдындағы бөлек төрт қырлы тастың басын
үшбұрыштандырып қиып, оның бетіне қазіргі заманғы жазумен "Құлшан Ата" деп жазылған. Қасында
бергі уақытта түнек үйі тұрғызылған, оның шырақшысы бар, үй жақсы жабдықталған.
91