Page 89 - Альбом
P. 89

Жаман Сауран жерасты мешіті, Ескерткіш
                                                                                             Жармыш  ауылынан  12  шақырым  оңтүстік  –

                                                                                             шығыста          орнласқан.         Ескерткіш         Қаратау
                                                                                             тауының  шығыс  бөлігіндегі  осы  аттас
                                                                                             бұлақтан онша қашық емес жерде орналасқан.

                                                                                             Біздің  қолымызда  ескерткіш  туралы  нақты
                                                                                             дерек көздері кәзіргі таңда жоқ. Мешіт қатты
                                                                                             жыныстан  үңгіп  жасалған.  Дөңгелек  болып

                                                                                             келген екі бөлмеден тұрады. Бірінші бөлменің
                                                                                             ортасында  тіреу  қалдырылыпты,  ол  кезінде
                                                                                             мешіт  төбесінің  беріктігі  үшін  орнатылған
                                                                                             сияқты.  Тіреуге  шырағдан  қоюға  арналған

                                                                                             ойықтар           жасалған.           Екінші          бөлмеге
                                                                                             төртбұрышты етіп ойылған есік арқылы кіреді.
                                                                                             Уақытында  қаланған  тастармен  жабылған

                                                                                             болуы  мүмкін,  кәзір  сол  қаланған  тастардың
                                                                                             төменгі  бөлігі  ғана  қалыпты.  Осы  бөлменің
                                                                                             ішінде  үсті  ақ  матамен  жабылған  қойылым
                                                                                             бар.  Ескерткішті  анықтау  кезінде,  2007

                                                                                             жылдың          қазан      айында        оған       жабылған
                                                                                             материал  жанартылыпты.  Бұл  осы  жерге
                                                                                             адамдардың келіп зиярат жасап, табынатынын

                                                                                             білдіреді.





                                                                                    89
   84   85   86   87   88   89   90   91   92   93