Page 54 - Альбом
P. 54
Шопан ата жерасты мешіті — Маңғыстау
облысы, Сенек ауылының солтүстік
шығысынан 25 км жерде орналасқан. Кешеннің
құрамына ежелгі құдық, жер асты мешіті,
Шопан ата мешіті (мешіт, ханака, сағана) мен
сағанатамдар және алуан формадағы қой
тастар мен құлпытастар енеді. Мешіт
құрылысы шамамен ХІІІ-ХІV ғғ. тән.
Мешітті Қожа Ахмет Ясауидің шәкірті
Шопан ата салдырған. Беннигсон Ясауидің
Шопан ата және Қара баба атты шәкірттерінің
болғандығын айтады. Мешітте сопылардың
қырық күн шілдеде діни әдет-ғұрыптар
өткізуіне жағдайлар толығымен сақталған.
Маңғыстау өңірінде жер асты мешіттері
көптеп кездеседі. Бұл қазақ даласында
сопылық ілімінің өзара сабақтастығын
көрсетеді. Мешіт құрылысын 1952 жылы
М.Меңдіқұлов, 1977-1978 жж. Қазақ КСР
Мәдениет министрлігі және 1982
Республикалық ескерткіштерді қорғау
қоғамының экспедициясы толығымен зерттеді.
54