Page 51 - Альбом
P. 51

Шақпақ  ата  жерасты  мешіті  —  ХІІ-ХІХ  ғғ.  аралығында  ірге  тепкен  қорым,  архитектуралық
            ескерткіштер.  Маңғыстау  облысы,  Таушық  елді  мекенінен  батысқа  қарай  25  км  жерде  орналасқан.

            Шақпақ ата — сағантам, құлпытас, сағана-қойтас сынды ескерткіштер мен жер асты мешітінен тұрады.
                  Жартасты қашап салған Шақпақ ата мешіті (қорым осы мешіттің атымен аталып кеткен) қазақ сәулет
            өнеріндегі жер асты құрылыстарының озық үлгісі болып табылады. Оның салыну тарихы жайында толық

            дерек жоқ, тек халық аузында «Шақпақ ата» мешітті салдырушы сопының лақап аты, оның мәйіті мешіт
            порталы қашалған жартастағы қуыстардың (жартаста ойып жасалған бірнеше қуыс бар) біріне қойылған
            деген аңыз сақталған. Ал мешіттің нақты қай ғасырда салынғандығы жайында әзірге екі түрлі болжамдар

            айтылады. Зерттеуші А.Медоев мешіт құрылысын ХІ-ХІІ ғғ. салынған десе,  М.Меңдіқұлов ХІV-ХV ғғ.
            жатқызады. Мешіт құрылысы ХІV-ХV ғғ. тән болуы мүмкін.
                  Мешіт — орталық күмбезді бөлмені басып өтетін ұзын түзара, оның екі қапталындағы қоржын үй
            болып келген. Орталық жамағатхана бөлме көлемі 5х4,5мм. Төрт бұрышынан жұмыр бағаналар қашалып,

            олардың  арасы  декоративтік  аркалармен  байланысқан.  Жамағатхана  төбесінен  күмбез  ойылып,  одан
            цилиндр  тәрізді  ойынды  биіктігі  1,55м  шығарылған.  Ойынды  сырттағы  шаршы  планды  павилонмен
            жалғасады.  Павильон  орталық  бөлмеге  жарық  түсіріп  тұрған  ойындыны  жауын-шашыннан  қорғаумен

            қатар,  бақылау  мұнарасы  рөлін  атқарған.  Қос  қапталдағы  бөлмелердің  солтүстік  жағындағысы
            жоллаушылар  аялдайтын    ханака  (сәкісі  бар)  болуы  ықтимал.  Ал  оңтүстіктегі  бөлменің  төргі
            қабырғасында михраб, оның екі жағынан шағын екі бөлме ойылған. Мешіттің қабырғаларында арнайы
            жасалған  өрнек  белгілері  байқалмайды,  тек  әр  жерінде  тайыз  қашалған  қуыстар  бар.  Негізгі  әшекей

            өрнек бас кіре берістің порталы мен босаға қабырғаларын нақыштауға (жануарлар, қару-жарақ, салт атты
            адам суреттері, жазулар т.б) жұмсалған.








                                                                                    51
   46   47   48   49   50   51   52   53   54   55   56