ВАЖНО :

nothing found

Антикоррупционная политика

Бұйрық 19.12.2023             №75-н/қ

«Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы»

«Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы, 5-тармағына және Қазқстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл агенттігі Төрағасының «Сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне ішкі  талдау жүргізудің үлгілік қағидалары» 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министірлігінің «Әзрет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын (бұдан әрі-кәсіпорын) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (бұдан әрі – Ішкі талдау) жүргізген.
  2. Кәсіпорындарға Ішкі талдау мындай бағыттар бойынша жүзеге асырылсын:
  • Кәсіпорынның ұйымдастырылушылық-басқарушылық құжаттарының жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
  1. Осы бұйрықтың 1 қосымшасына сәйкес Ішкі талдау өткізу туралы жұмыс жоспары бекітілсін.
  2. Осы бұйрықтың 2 қосымшасына сәйкес кәсіпорынға Ішкі талдау жүргізу туралы Жұмыс тобы құрылсын.
  3. Кәсіпорынның құрылымдық бөлім басшылары мен жауапты мамандары Ішкі талдау жұмыстарын жүргізуде мерзімінде толық және ашық ақпарат беруді ұсынсын.
  4. Кәсіпорынның сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне Ішкі талдау жүргізу мерзімі 2023 жылғы 1 қаңтарынан 29 желтоқсанды қоса алған аралықта Ішкі талдау жұмыстары жүргізілсін
  5. Кәсіпорынның комплаенс-офицері Назаров Нұрлыбек Сәкенұлы, осы бұйрықпен бөлім басшылары мен жауапты мамандарымен таныстырып, нақты жүзеге асырылуын қамтамасыз етсін.
  6. Осы бұйрықтың орындалуын қадағалауды директор орынбасары Н.Дүкенбаевқа жүктеймін.
  7. Бұйрық қол қойан күннен бастап күшіне енеді.

Директор                                            М.Садыкбаев

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне Ішкі талдау өткізу Жұмыс тобы құрамы:

  • Н.Дүкенбаев  директордың инновациялық даму және ТМОС қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары, топ басшысы.
  • Н.Аширбекова – Бас қор сақтаушы, мүшесі.
  • Н.Танатаров – Экскурсия және экспозиция бөлім басшысы, мүшесі.
  • Б.Байболов – Ғылымыи зеттеу бөлім басшысы, мүшесі.
  • Н.Назаров – заңгер, компленс – офицер, хатшысы.