Page 83 - Альбом
P. 83

Көбен  жерасты  мешіті  -  Жарма

                                                                                                          ауылының  оңтүстік  -  шығысында  12
                                                                                                          шақырым  жерде  Сауысқан  құмының

                                                                                                          оңтүстігіне таман орналасқан. Мешіт

                                                                                                          осы  аттас  қауымға  жақын  жерде.
                                                                                                          Қауым  19  ғасырдың  соңы  мен  20

                                                                                                          ғасырдың  басына  жатады.  Жерасты

                                                                                                          мешіті  борлы  әктастан  ойылып
                                                                                                          жасалған.  Төртбұрышты  формалы

                                                                                                          болып  келетін  екі  бөлмеден  тұрады.

                                                                                                          Дәліз  өңделген  тастардан  өріліп
                                                                                                          күмбез  тәріздес  жасалған.  Қазіргі

                                                                                                          уақытта  күмбез  құлаған.  Бөлменің

                                                                                                          ішкі  жағынан  күмбездің  қолдан
                                                                                                          өрілгенін  байқаймыз.  Тастар  жақсы

                                                                                                          өңделіп,             бір-біріне              әдемі
            қиюластырылған. Уй қабырғаларында оны жасау кезінде пайдаланған құрал-саймандардың іздері айқын

            сақталған.

                 Орталық бөлме төртбұрышты етіп жасалған. Оның кірер жағында төбеге тіреуге арналған шығыңқы
            өрнексіз  бедер  жасалған.  Құмтастан  жасалған  екі  шырағдан  орны  сақталған.  Осы  бөлменің  төбесінде

            сызбада  дөңгелек  тәріздес  болып  келген  тесік  арқылы  ішке  жарық  түседі,  ол  ішкі  жағынан  өңделген

            тастармен қаланған. Бөлменің шығыс беттегі жарында арабша жазылған жазулар кездеседі.


                                                                                    83
   78   79   80   81   82   83   84   85   86   87   88