Page 4 - Альбом
P. 4
Қазіргі уақытта есепке алынғаны бар, алынбағаны бар Қазақстандағы жерасты мешіттерін табиғи
және антропогендік зиян келуден сақтау және оларды туристік нысанға аналдыруда қажетті ғылыми-
техникалық, экономикалық, әлеуметтік-ұйымдастырушылық жағдайларды анықтау маңызды мәселеге
айналып отыр. Ол үшін еліміздегі жер асты мешіттерінің тарихын зерттеу, жинақталған ғылыми деректер
мен мәліметтерді жеткілікті дәрежеде насихаттау маңызды.
Қазақстанның рухани жер асты мешіттерінің туризмін дамыту мақсатында жерасты мешіттерінің
суреттерін жинақтап елге таныстыру осы электрондық альбомныің негізгі мақсаты болды.
Отандық тарих ғылымында рухани жерасты мешіттері мәселесі жеке зерттеу тақырыбы ретінде
алғаш рет қаралып отыр. Ұсынылып отырған элетронды альбом мемлекет бағдарламасындағы туризм
саласын дамытуға өзіндік үлес қосады.
4