МАҢЫЗДЫ :

nothing found

КЕРЕЙ, АБАҚ ЖӘНІБЕК БАТЫР (ХVIII ғ.)

Керей Жәнібек, Абылай хан заманында қазақтың айтулы батыры болған. Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Ақтамберді, Сырымбет, Байқозы батырлармен аты бірге айтылады. Жоңғарлармен болған шайқаста қол бастаған. Ерлігі ел арасына кеңінен тараған. Қайтыс болған соң елдің сыйлы азаматтарын жерлейтін сол кездегі үрдіспен Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде мәңгілік тыныстаған.

Жоңғар шапқыншылығына қарсы соғыстарға белсене қатысқан. 1760 ж. Жәнібек Абақ керейлерді Алтай тауының қазіргі Шыңжаң өлкесіне қарасты байырғы мекеніне апарып орналастырған. Есімі Абақ керейдің ұранына айналған. Жоңғар шапқыншыларына қарсы соғысқа аттанарда нағашы атасы Қаз дауысты Қазыбек биден бата алады. Бір шайқаста мінген тұлпары болдырып қалған Абылай ханға астындағы көк дөненін түсіп беріп, Абылайды құтқарып қалады, өзі жекпе-жекке шыққан екі қалмақ батырын өлтіріп, аман құтылады.

Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай т.б. батырлармен тізе қоса отырып, жоңғар шапқыншылығына қарсы соғыстың аяғына дейін қатынасады.

1731 ж. Кіші жүз ханы Әбілқайыр Ресей империясының бодандығын қабылдаған кезде Ер Жәнібек керей тайпасын бастап, Сыр бойынан үдере көшіп Қалба тауына қоныстанады. Алтайдың Ақтау төңірегіндегі бір асу кейін «Жәнібек асуы» деп аталып кеткен.

Сөз бастаған шешендігімен, ел бастаған көсемдігімен, жауға шапқан батырлығымен бүкіл Абақ керейдің ұранына айналған Ер Жәнібек сексеннің үстіне шығып қайтыс болады.

Жәнібек Бердәулетұлы жоңғар басқыншылығына қарсы шайқаста аты шыққан, Абылай хан мен Қаракерей Қабанбай батыр бастаған қазақ қолының алғы шебінде жүрген айбынды батырлардың бірі. Шыққан тегі – Орта жүздің Керей тайпасынан. Соған орай, халық оны сол заманның аты шыққан әйгілі батыры Шақшақ Жәнібекпен шатастырмас үшін «Керей Жәнібек» деп атап кеткен.

Б.Байбол, бөлім басшысы.

Алдыңғы ақпарат

Девин ДеУис Ясауи музейінде: ілім мен руханият жөніндегі сұхбат

Келесі ақпарат

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ