МАҢЫЗДЫ :

nothing found

ЯСАУИТАНУ БАЙҚАУЫНЫҢ БІРІНШІ КЕЗЕҢІ АЯҚТАЛДЫ

Мектеп оқушылары арасындағы «Ясауитану-2024» республикалық байқауының бірінші кезеңі өз мәресіне жетті.
«Бабалар мұрасы – балаға аманат» деп аталатын бірінші кезеңге 76 оқушы қатысып, Ұлы тұлға Құл Қожа Ахмет Ясауидің 40 хикметтерін жаттап айтудан сүрінбей өткен 30 оқушы екінші кезеңге жолдама алды. Атап айтқанда: Түркістан облысынан 5 оқушы, Түркістан қаласынан 4 оқушы, Алматы облысынан 3 оқушы, Жетісу облысынан 3 оқушы, Жамбыл облысынан 3 оқушы, Қызылорда облысынан 3 оқушы, Қостанай облысынан 3 оқушы, Алматы қаласынан 2 оқушы, Шымкент қаласынан 2 оқушы, Ақтөбе облысынан 1 оқушы, Шығыс Қазақстан облысынан 1 оқушы финалдық кезеңге жолдама алды.
Екінші «Білімді мыңды жығар алысқанда» деп аталатын кезеңде 30 өрен сұрақ-жауап бойынша сынға түседі.
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» болып үздік шыққан сайыскерлерге және оларды баптаған жетекшілерге ұйымдастырушылар тарапынан марапаттар мен қаржылай сый-сияпаттар берілетін болады.
Байқауға «Әзірет Сұлтан» музей- қорығының директоры М.Садықбеков төрағасы болып табылатын қазылар алқасы төрелік етуде. Қазылар алқасының мүшелері: Халықаралық «Алаш» сыйлылының лауреаты, «Құрмет», «Отан» ордендерінің иегері, Ясауи хикметтерін тәржімалаған ақын Светқали Нұржан, филол.ғ.к., Евразия Ұлттық университетінің профессор Б.Қорғанбеков, текстолог-маман Сайфулла Моллақанағатұлы, философия докторы, доцент Бауыржан Сайфунов.
Берік Байбол, бөлім басшысы.
Алдыңғы ақпарат

ЯСАУИТАНУ БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

Келесі ақпарат

«Ясауитану-2024» — ХИКМЕТ ҚАЛЫҚТАҒАН КҮН