ХАБАРЛАМА

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» Республикалық мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 шілдедегі № 585 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта құрылды.

2015 жылға дейін мемлекеттік мекеме формасында болған қорық-музей бюджеттен 100 % қаржыландырылған болатын. Ал, енді 2015 жылдан кейін кәсіпорын ретінде музейге республикалық бюджеттен 80% қаржы ғана бөлінетін болды, яғни қалған 20% қаржыны қорық-музей өз қызметі арқылы табу керек.

Бұл шара Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 9 маусымдағы №174 бұйрығы негізінде жүзеге асырылуда.

Ел ішінде қорық-музейге жүз миллиондап қаржы түседі деген әртүрлі алып-қашпа сөздер жүргені рас. Осы негізсіз ақпаратқа жауап беру үшін музей әкімшілігі қорық-музейге түсетін қаржының нақты көрсеткішін жариялап тұруды жөн көрді.

Қыркүйек айында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне қайырымдылық пен демеушілік есеп шотына 4 759 543 теңге қаражат түскен. Осы соманың Банк қызметіне 15 358,31 теңгесі, Баспадан кітаптар шығару үшін ( «Зергерлік бұйымдар топтамасы» кітабы,  анықтамалық материалдар (календарь, буклет)  2 195 797 теңгесі.

«Ясауитану» байқауын ұйымдастырып өткізуге 1 522 100 теңгесі, маусымдық жұмысшылардың еңбек ақысына 942 404 теңгесі, Виртуалды 3D -тур (интернет арқылы насихат материалдары) 608 000 теңгесі жұмсалды.

Әрине ескере кетер бір жайт, басқа да қорық-музейдің жоспарындағы мәдени іс-шараларды ұйымдастыру шығындарына 3 829 230 теңге қаржы жетпей қалғанын да айта кеткеніміз жөн. Бұл қаржы, алдағы айда түсетін түсімдердің есебінен қаралатын болады.

Музейге түсетін қаржы жайлы ақпарат алдағы уақытта да музейдің сайтында үнемі жарияланып тұратын болады.  

 «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің баспасөз қызметі.