БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Орбұлақ шайқасындағы жеңіске 375 жыл толуына орай «ҚАЗАҚ ХАНДАРЫНЫҢ ЖОҢҒАР ШАПҚЫНШЫЛЫҒЫНА ҚАРСЫ АЗАТТЫҚ СОҒЫСЫНДАҒЫ РӨЛІ» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның

АҚПАРАТТЫҚ ХАТЫ

 

Қ Ұ Р М Е Т ТІ  Ә Р І П Т Е С Т Е Р!

 

Елордамыз Астана қаласының 20 жылдығына және Орбұлақ шайқасындағы жеңіске 375 жыл толуына орай «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі «Қазақ хандарының жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық соғысындағы рөлі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына қатысуға шақырады. Конференция Түркістан қаласында өтеді.

Өтетін уақыты:  20 сәуір,  2018 жыл

Өтетін орны: Түркістан қаласы, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК

 

Конференция тақырыбының негізгі бағыттары

  1. Орбұлақ шайқасының тарихтағы орны мен маңызы.
  2. Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресінің тарихи кезеңдері.
  3. ХVІІ-ХVІІІ ғғ. қазақ хандығының саяси құрылымы мен жағдайы.

Конференцияның ресми тілдері: қазақ және орыс тілдері

Конференцияға Республикамыздағы тарих, филология, философия, шығыстану, мәдениеттану салаларының ғалымдары мен тарихи-мәдени мұраларды қорғау мамандары, қорық және тарихи-өлкетану музейлері және ғылыми-зерттеу  институттары мен орталықтарының қызметкерлері қатысады. Конференцияның материалдары жинақ түрінде алдын ала шығарылады.

Конференцияның ұйымдастыру комитетінің  мекен-жайы:

161200, ҚР ОҚО, Түркістан қаласы, Тәуке хан даңғылы 282 А, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі, тел (факс) 8(725-33) 3-23-00,  e-mail: azret-sultan@mail.ru

Баяндамаларды рәсімдеуге қойылатын талаптар мен қатысу шарттары:

1. Көлемі 5-7 беттік компьютер басылымында Times New Roman, 14 кегль, беттің сол жағынан – 3 см, жоғарғы және төменгі жағынан – 2 см, оң жағынан – 1,5 см, жол арасы – бір интервал.

2. Баяндама тақырыбы ірі шрифтпен берілуі тиіс. Тақырып пен мәтін арасы екі жолмен бөлінеді. Тақырыптың үстіңгі оң жағына автордың аты-жөні, жұмыс орыны, лауазымы, ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы жазылады.

3. Әдебиеттер тізімі мен сілтемелер мақаланың соңына араб цифрларымен тік бұрышты жақшаның ішіне алынып [1. 5 б.] ГОСТ бойынша беріледі.

4. Мақала соңындағы түйін қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде берілуі керек.

5.Ұйымдастыру алқасы сапасыз, қойылған талаптарға сәйкес келмейтін мақалаларды кері қайтаруға құқылы.

Конференцияға қатысу үшін баяндамалар ұйымдастыру алқасының мекен-жайына 2018 жылдың 2 сәуіріне дейін жіберілуі тиіс.

ҰЙЫМДАСТЫРУ АЛҚАСЫ

Тіркеу қағазы

  1. Фамилия
  2. Аты
  3. Әкесінің аты
  4. Ғылыми атағы
  5. Мекеме аты (ғылыми мекеме, ЖОО, мекен-жайы т.б.)
  6. Автордың мекен-жайы (пошталық индексі міндетті)
  7. Е-mail (міндетті)
  8. Телефон / факс
  9. Баяндаманың атауы /мақала/
  10. Қажетті техникалық құралдар
  11. Қонақ үйден орын қажеттігі (ия, жоқ)