«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы Ғылыми зерттеу бөлімінің кіші ғылыми қызметкері Т.Оразов 21 мамыр – Мәдениет және өнер қайраткерлері күні мерекесіне орай, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі А.Балаеваның қолынан «Мәдениет саласының үздігі» төсбелігісімен марапатталды.
Талғат Болатұлы музей-қорықта 2008 жылдан бастап түрлі қызметтерде өзінің еңбекқорлығы мен іскерлігін таныта білген маман. Жұмысын музей қараушы болып бастаған маман, одан әрі экскурсовод, бүгінгі таңда кіші ғылыми қызметкер болып жұмыс атқарады.
Әріптесімізді «Мәдениет саласының үздігі» төсбелігісін алуымен құттықтай отырып, деніне саулық, отбасына амандық, жұмысында бұдан да үлкен жетістіктерге жетуіне әріптестік тілектестігімізді білдіреміз.
Б.Байбол
Бөлім басшысы