Нумизматикалық жәдігерлер

ОҚО, Шаян ауданының Құрысай мекенінен табылған Отырарда соғылған Шағатай дирхемдері көмбесі

2012 жылы Шаян ауданының тұрғыны Құрысай деген мекеннен табылған ақша көмбесін музей қорына өткізген болатын. Көмбе 450 дана тиындардан тұрады. Тиындарды тексеру барысында оларды жасырарда құмыра ішіне май жағып салғандығы анықталды. Осыған байланысты тиындар жақсы сақталған.