Жазба жәдігерлер

Диуани хикмет

Көне баспа.  1904 ж Қазан қаласында басылған. Хикметтер толық жинақталған. Хикметтердің алдында  алғыс сөзден кейін Қожа Ахмед Ясауи мөрі берілген. Хикметтер адамды жаман қылықтардан тиылып, көркем мінезді болуға, ахлақты (мінез-құлықты)  түзетуге үндейді.

Мың бір хадис

Көне баспа.  Мұхаммед (с.а.у) пайғамбарымыздың хадистері жайлы. 1000 хадисі толық жазылған. «Хадис» хабар, сөз деген мағынаны білдіреді. Кітап араб тілінде түсіндірмесі түркі тілінде жазылған. 1-303 бет. Қазан қаласында 1906 жылы басылған.

Бустан уль-Мухиббин

Қолжазба.  Авторы – Шейх Худайдад Таш-Мухаммед әл-Бухари, Ясауи ізбасары. Ясауия силсиласының теориялық, практикалық ғұрыптары жөнінде өте терең мағлұмат береді. Түркі тілінде. Шамамен ХҮІІІ ғ. аяғында жазылған. Ясуиге қатысты «Диуани хикметтен» кейінгі құнды кітап деп бағалауға болады.

Жинақ «Фикһул акбар» (Ең терең 6ілім)

Авторы – Ислам ғұламасы, Имам Ағзам Абу Ханифа. Х1252/1836-37жж көшірілген. 6  беттен тұрады. Көркем жазумен жазылған. Кітап ақайыд–құдайтану ілімі туралы, тақырыбы – «Таухид (Алланы бірлеу) негізі және оған деген көзқарас».