Этнографиялық жәдігерлер

ТҮРКІСТАНДА ТАЙҚАЗАН

Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің есігінен аттаған адамның көзіне алғаш түсетін зат – қазандық бөлмесінің қақ ортасынан орын тапқан қасиетті Тайқазан. Бойына талай сыр бүккен бұл қазанды бабалардың көзі деп, қолымен ұстап көруге әркім-ақ құмар.

Тайқазан ХIV ғ.

Тайқазанды 1399 жылы Қарнақ елді-мекенінде құйылған. Ұстасы Әбділәзиз ибн Шараф-ад-дин Табризи.  Қазанның салмағы 2 тонна, сыйымдылығы 3 мың литр, диаметрі - 242 см, тұғырдың диаметрі - 60,7 см. Қазанның биіктігі 162 см, тұғырының биіктігі 54 см, материалы 7 түрлі металдан. Мыс, мырыш, алтын, күміс, қола, қорғасын, темір.  .

Лауха ХIV ғ.

«Лауха»-тудың жоғарғы ұшы қоладан құйылған, сабы ағаштан жасалған. Ұзындығы 8 метр,  биіктігі-98см, салмағы 5 кг. Орталық бөлігі өсімдік тектес өрнекпен өрнектеліп, екі жағынан бірдей оқылатындай етіп араб жазуымен ойылып жазылған.

Жазбалар аудармасы:

Шырағдан ХIVғ.

Шрағдан қола, түбі жалпақ дөңгелек, жоғары қарай кеңее түскен, кей жерлерінде кішірейген жүзік пішіндес дөңгелектер болып келіп, үстіне цилиндр формалы шыраққа арналған тостағанда айналдыра арабша жазу жазылған. Шырағданның барлық жері өсімдіктермен әсемделген, тостағаны және дөңгеленген жерлері, айналдыра араб жазуымен жазылған. Әмір Темір тапсырысымен 1397ж.