БАРАҚ ТҰРСЫНҰЛЫ - XVIII ғасырдағы танымал қазақ хандарының бірі. Ол Қырықсан Барақ-сұлтан, Барақ хан, Кіші Барақ, Барақ-сұлтан, сұлтан Барақ-батыр деген есімдермен белгілі болған [Артықбаев, 2001. С. 139].
Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жерленген Тұрсын Құдаймендеұлы – Жәдік әулетінен шыққан сұлтан Құдайменденің ұлы, Құшық (Қошық) сұлттанның немересі. Билік құрған кезеңі 1712 ж. мен 1717 ж. бас кезі. Оның қарамағында Орта жүздің қоңырат және ішінара найман, сонымен бірге Ұлы жүздің тайпалары (аттары белгісіз) енген [Ерофеева, 1997. С. 73].
Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жерленген Жәнібек Есімұлы – XVII ғасырдағы қазақ ханы. Орыс деректерінде оның лауазымы «царь» деп аталады. Шығыс деректерінде есімі Джанибек, орыс деректерінде Яныбек деп жазылған.
Ақшаұлы Бөгенбай (1678 – 1775) – Жоңғар басқыншылығына қарсы азаттық жорығын ұйымдастырушылардың бірі, атақты батыр, ұлы қолбасшы. Шыққан тегі – Орта Жүздің Арғын тайпасының Қанжығалы руынан, есімдері әуелден елге мәлім болған батырлар әулетінен.
Есім хан – ХІІІ ғасырдың 20-шы жылдарынан бері Дешті Қыпшақ аумағында үздіксіз билікте болған шыңғыс әулетінің өкілі. Шығай ханның баласы. Туған ағасы Тәуекел ханнан кейін ел билігін қолға алған Есім хан Қазақ Ордасын 1598–1628 жылдары басқарды.
Түркі даласының төл перзенті, ұлы бабамыз Қожа Ахмет Ясауи қазақ халқының байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орны бар ерекше тұлға, Ислам дінінің жанашыры әрі насихатшысы, сопылық ілімнің көрнекті өкілі.