80-НЕН АСТАМ БАЛА ТАРИХИ МҰРАЛАРМЕН ТАНЫСТЫ

Бүгін "Әзiрет Сұлтан" мемлекеттiк тарихи-мәдени қорық-музейiне ОҚО Арыс қаласынан «Т.Тәжібаев атындағы отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде тәрбиеленiп жатқан 80-нен астам бала келдi. 

Киелi мекен Түркістан өңiрiне жасаған саяхат ба­ры­сын­да «Әзірет Сұл­тан» қо­рық-музейiнiң құнды жәдiгерлерiмен танысып, тарихи орындарды аралады. Әрбір тарихи атаулар мен мұралар жөнінде мекеме қызметкерлері де егжей-тегжейлі түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, балалардың сауалдарына жауап берді.