«НАУРЫЗ – ЫРЫС, ҚҰТТЫҢ БАСТАУЫ» КӨРМЕСІ ӨТТІ

Ілгері заманнан бастау алып, қазақ халқының ұлттық салт-дәстүріне айналған Әз-Наурыз мерекесін «Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени қорық-музейі де кең көлемде атап өтеді.

Осы орайда музей кітапханасында «Наурыз – ырыс, құттың бастауы» атты этнографиялық кітаптар көрмесі ұйымдастырылып, ол жерге қазақ халқының ырымдары, жұлдыз жорамалдары, салт-дәстүрлері жайлы келтірілген мол мағлұматты еңбектер қойылды. Көрменің ашылу салтанатына қала қонақтары мен мектеп оқушылары, музей қызметкерлері қатысты.