"Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі" РМҚК -де болу қағидалары

Осы қағидалар Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени  қорық-музейі» Республикалық Мемлекеттік Қазыналық Кәсіпорнында (бұдан әрі – Музей) болу кезінде  тәртіп пен қауіпсіздікті сақтауға бағытталған және  Музей кешені аумағында болатын барлық адамдар орындауға міндетті. Музей кешені аумағына: автотұрақ, кесене, ескерткіштер орналасқан 88 га аймағы  жатады.

Музейге келушілерге қызмет көрсету қауіпсіздігі мен мәдениетін қамтамасыз ету үшін  лауазымды тұлғалардың  жұмыс тәртібі мен жауапкершілігі  қолданыстағы  заңмен және  Музейдің желілік нормативтік актілерімен  айқындалады.

Музей жұмысының басталу  және аяқталу уақыты мына  сайтта көрсетілген:

- ресми сайтта (www.azretsultan.kz);

Музейге  кіру  билеті көрсетілген күнінде  бір реттік келу құқығын береді.

Кіру билетін  пайдаланылмаған жағдайда  ақша қаражатын қайтару  тек  кіру билеті пайдаланылмағанын дәлелдейтін  келушінің  жеке өтініші және   Музей әкімшілігінің  билеттегі  (немесе түбіртектегі) қолының негізінде  жеке басын растайтын құжатты  көрсеткен кезде  жүзеге асырылады.

Музейге қайта кіру тәртібін келісімдеу үшін   әкімшілікке  жүгінуге міндетті.

Әуесқой фото мен бейне түсірілімдер түсіруге алынған билетті кері қайтару жоғарыда келтірілген тәртіппен кіру билеті пайдаланылмаған жағдайда  ғана жүзеге асырылады.

Музейге келушілер: Музей ашық болған сағатында  кассада ұйымдасқан кезек  тәртібімен  кіру  билетін алуға; Мемлекет меншігі болып табылатын Музейдің  мүлкіне ұқыпты қарауға, тазалық сақтауға, қоғамдық тәртіпті және осы Қағидалар талаптарын сақтауға міндетті.

 

2. Музейде болу тәртібі мен  талаптары

2.1. Музейде  болу талаптарына  мыналар жатады:

1) Музей қызметкерлерінің нұсқауларын орындау;

2) Қол жүгін, сөмкелер, жолдорбалар, кейстерді ұяшықта сақтау.

3) Өлшемі 40х40х20 см-ден асатын көлемі үлкен қол жүктерді сақтау ұяшығына тапсыруға болмайды, осындай қол жүкпен Музей аумағына өтуге тыйым салынады.

4) Билетті экспозицияны қарау аяқталғанша (Музейде өткізетін уақыт аяқталғанға дейін) сақтап, әкімшіліктің талап етуімен көрсету қажет.

5) Түтін шыққан немесе өрт байқалған жағдайда, сондай-ақ келушілердің немесе Музей қауіпсіздігіне әсер етуі ықтимал жағдайларда дереу түрде Музей қызметкерлеріне хабарлау қажет.

6) Егер де иесіз  киімдер мен заттар табылған жағдайда өз еркімен оларды орнынан  қозғау әрекеттерін жасамай,  бұл туралы дереу  Музей қызметкерлеріне хабарлау қажет;

7) Музейге 14 жасқа дейінгі балалар ересектермен бірге ғана кіре алады.

8) Музей кассасынан алынбаған басқа да құжаттар (Сыйға берілген сертификат және т.б.) Музейге кіруге негіз болып табылмайды; 

9) Балалар мен мектеп оқушылары келген жағдайда:

- балалар мен мектеп оқушылары ұйымдасқан  әр топтың құрамында (16 жасқа дейін) 1 ересек топ жетекшісі  болуы тиіс.

- ата-аналар және  топты бастап жүрушілер балаларды Музейге келу қағидаларымен таныстырып, тәртіп сақтауға және балаларға жауапты тұлға болып есептеледі.

 

2.2.  Келушілерге:

1) Үлкен сөмкелерді алып жүруге;

2) Аяқ киімсіз және киімсіз жүруге және өтуге;

3) Балалар ойыншықтарын, әуе шарларын, гүлдерді, шыбықтырды, кез - келген көлемдегі қолшатырларды және басқа да заттарды алып өтуге;

4) Билетсіз өтуге;

5) Тамақпен кіруге;

6) Өздері әкелген кез-келген (алкогольді және алкогольсіз) ішімдіктерді ішуге, музей кешеніне мас күйінде кіруге, сондай-ақ есірткіге және уытты еліту жағдайында келуге;

7) Музей қызметкерлеріне арналған Құжыра бөлмелеріне кіруге;

8) Пиротехникалық, тез жанатын, уландыратын, уытты, улы заттарды, сұйықтықтарды, тұрмыстық газ баллондарын алып өтуге;

9) Кез-келген ашық отты, пиротехникалық құрылғыларды (отшашуларды, петардаларды және т.б.) пайдалануға;

  1. Отпен атылатын, шанышқылы қару, кесетін және оңай сынатын

заттар, сонымен қатар оларды құрайтын және олардан тұратын заттар алып кіруге;

11)  Кез-келген жануарларды өткізуге немесе алып кіруге;

  1.  Музей ғимаратында темекі (соның ішінде электронды

сигареттерді) тартуға;

  1. Жәдігерлер мен витриналарды қолмен ұстауға, оларға тиіп кетуге, жәдігерлерге кез-келген заттарды қоюға;
  2. Балаларды қоршау арқандарының, сүйеніштің, қоршаудың үстіне  отырғызуға;
  3. Музейдің нысандарына және жабдықтарына, сонымен қатар мүлкіне залал келтіруге;
  4. Музейдің ғимараты мен аумағын кірлетуге және ластауға;
  5. Заттардың, нысандардың және т.б. беттеріне кез-келген жазу жазуға;
  6. Музей ғимаратында жүгіруге, қатты сөйлеуге, өлең айтуға, экскурсия жүргізілу барысында телефонмен сөйлесуге;
  7. Музей қызметкерлерімен және басқа да келушілермен төбелесуге, оларға тіл тигізуге;
  8. спорт құралдарын әкелуге, сондай-ақ Музейге роликті аяқ киіммен  келуге;
  9. Дауыс күшейткіш арқылы аудиотехника тыңдауға, дыбыс күшейткіш құралдарды пайдалануға және музыкалық аспаптарда (арнайы рұқсатсыз) ойнауға;
  10.  Музей әкімшілігінің арнайы рұқсатынсыз Музейдің аумағын коммерциялық, жарнамалық және басқа қызметтер үшін қолдануға;
  11. Кез - келген үгіт-насихат жұмыстарын алдын-ала ескертусіз,әрі басшылықтың рұқсатынсыз жүргізуге;
  12.   Музейдің барлық залдарында (арнайы рұқсатсыз) фото және бейне түсірілім жүргізуге болмайды;

Ережелер бұзылған жағдайда Музейдің қызметкерлері келушілердің келуін және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар қолдануға, әрі тәртіп бұзушыларға ескерту жасауға,сондай ақ қорық-музейдің қауіпсіздігін қадағалайтын арнайы құрам қызметкерлерінің көмегіне жүгінуге құқылы.

 

3. Музей кешеніне келушілердің:

1. Арнайы рұқсат етілген аймақтарда фото- және бейне аппараттарды (фото- және бейне түсірілім жасауға арнайы билет болған жағдайда) қолдануға;

2. Гид/экскурсовод  қызметін пайдалануға;

4. Дәмхана, дүкен қызметтерін пайдалануға;

5. Макеттерді тек қоршау сыртынан қарауға;

6. Балаларға арналған басқа да бейімделгіш заттармен (рюкзак-кенгуру, нәрестелерге арналған себет және сөмке)  өтуге құқығы бар.

Музейде болған кезінде бақытсыздық жағдайларына тап болмас үшін абай болып, мыналарды ескеру қажет:

- балаларды мойынға салып экспозицияларды қарап жүрген жағдайда есіктердің және басқа да қуыстардың биіктігін ескеру қажет;

Әкімшілік мына құқықтарды өздеріне алады (өздерінде қалдырады):

- Музей жұмысының уақытын өзгертуге, бірақ та алдын ала келушілерге ескертуге;

- кассаның жұмысын ұйымдастыру арқылы Музейдің кіріс аймағында кассалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді. Тұлғаға кассада қызмет көрсету кезінде, жеңілдікпен алынатын билеттерді сату барысында, аталған санаттағы тұлға екенін растайтын тиісті құжатты кассир талап етуге міндетті;

Музейдің кіріс аймағында музей заттары мен коллекцияларына қол жеткізу ережесі мен шарттары туралы мәліметтер бар ақпаратты стендпен қамтамасыз етуі қажет. Стендтер көрінетін қол жетімді жерде келесі форматтардың бірінде: қабырға стендтері немесе столға орналасқан тіреуіштерде және төмендегідей ақпараттардан:

• Музейдің жұмыс кестесі туралы ақпарат;

• Уақытша көрмелер туралы ақпарат;

• Жабық залдар бойынша ақпарат;

• Музейде көрсетілетін қызметтер тізімі туралы ақпарат;

• Экскурсияға тапсырыс беру мүмкіндігі туралы ақпарат;

• Музейдің жұмысы туралы келушілірдің пікірі, ескертулері мен ұсыныстарын білдіру туралы журнал тұруы қажет.

  • демалатын, тамақ ішетін жерлерді және әжетхананы көрсете отырып, Музей залдары бойынша  өзекті және түсінікті навигациялық жүйемен қамтамасыз етуге;
  • экспозицияларда залдағы музей заттары, экспозициялық залдың сипаты жөнінде ақпараттан тұратын этикеткалар және ақпараттық парақтармен қамтамасыз етуге; 
  • персоналдың (оның ішінде техникалық персоналдың) Музейге келушілермен сыпайы сөйлесуін, Ережеде көрсетілген жағдайлардан басқа, оларға мәжбүрлеу шараларын қолданбауды қамтамасыз ету қажет;  

-  Музейге келушілермен тығыз байланыста болатын Музей қызметкерлерінің аты-жөні және қызметі жазылған төс белгісінің болуын қамтамасыз етуге;

- азаматтарды қабылдауды, жазбаша ұсыныстарды, өтініштерді, шағымдарды тіркеуді және заңнамада бекітілген мерзім ішінде оларға жауап беруді қамтамасыз етуге құқылы;

  •  Музейге келушілердің қатысуымен түсірілген фото және бейне материалдарды қолдануға құқылы;
  • кәсіпқой фото және бейне түсірілімдерді түсіруге рұқсат етуге құқылы;
  • қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ІІМ қызметкерлері металл детекторларды қолдана отырып немесе куәгерлердің қатысуымен келушілерді тінтуге құқылы. Келуші бас тартқан жағдайда әкімшілік музейге кіргізбеу құқығын өз мойнына алады.   
  • Музей әкімшілігі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Музей ғимаратында және аймағында бейне түсірілім жүргізуге;
  • әкімшілік Музей кешеніне кіруді шектеу арқылы келушілер санын реттеп отыруға құқылы;
  • әкімшілік Музейге кіргізуден  бас тарту құқығын өз мойнына алады;
  • Музей әкімшілігі экспозиция макетін, сахна сюжеттерін толықтыруға, автомобильдер қозғалысын, ландшафт түстері шешімдерін және т. б. өзгертуге құқылы.
  • Музей әкімшілігі қараусыз қалған заттардың жоғалғаны үшін жауап бермейді.

 

Қорытынды ережелер

Қағидада    көрсетілмеген   басқа    да   ережелер    үшін    Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын және Музейдің актілерін басшылыққа алу қажет.

Қағидаға   өзгерістер    мен   толықтырулар   Музей    директорының бұйрығымен енгізіледі.