ҚҰРМЕТПЕН ЗЕЙНЕТКЕ ШЫҚТЫ

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде ұзақ жылдар бойы қызмет еткен Юсупов Абдулажан Сабырұлының зейнет жасына толуына орай жиын өтті. Қорық-музей директоры Нұрболат Ахметжанов, музейде 14 жыл қызмет атқарған Абдуллажан Сабырұлына алғысын білдіріп, ұжым атынан сый-сияпаттар жасап, иығына дәстүрге сай құрметпен қазақтың ұлттық шапанын жапты.

Музей қызметкерлері де зейнетке шығып жатқан әріптесіне ізгі тілектерін білдірді. Жиын соңында сөз алған Абдуллажан Сабырұлы ұжымға шексіз алғысын білдіріп, мекеменің алдағы уақытта да зор табыстарға жете беруіне тілектестігін жеткізді.