"ӘЗІРЕТ СҰЛТАН" МУЗЕЙІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ШЕБЕРЛІК САҒАТЫН КӨРСЕТТІ

Оңтүстік Қазақстан облыстық Тарихи мәдени этнографиялық орталықта Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында мәдениет саласының жұмыстарын жандандыру мақсатында «Ұлы дала - ел тарихы» атты музей жәдігерлерін қалпына келтіру ісі бойынша музейлер аралық тәжірибе алмасу болып өтті. 

Атаулы шараға «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қызметкерлері, реставратор Еділ Муташев және қор сақтаушы Толқын Жолдасов қатысып, керамикалық және археологиялық металл жәдігерлерді қалпына келтіру мен консервациялау ісі бойынша көпшілікке лекция оқып, шеберлік сабақтарын өткізді.

Шараға Облыстық тарихи-өлкетану музейі, Ордабасы ауданындағы өлкетану музейі, Ақмешіт Ишан музейі, Кентау қалалық музейі, Қажымұқан атындағы облыстық музейі, Н.Төреқұлов атындағы музейі, С.Ерубаев музейілерінен қызметкерлер қатысты.