ЖАСТАРМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі ұжымы Түркістан қаласындағы №17 Ататүрік атындағы орта мектебіне арнайы барып, жастармен жүздесті.

Осы орайда музей қызметкерлері Т.Оразов «Рухани жаңғыру. Тәуелсіздік және музей» тақырыбында лекция оқыса, Б.Абдрасилов «Түркістан өңірінің киелі жерлер географиясы» және А.Жанысбаева «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» тақырыптарында ой қозғап, пікір алмасты. Кездесудің мақсаты- өскелең ұрпақты тарих тағылымымен терең таныстырып мəнін ұғындыру, өткенді құрметтеп, келешекке сауатты білім, тарихи таным аясында қадам басуға шақыру, патриоттық рухта тəрбиелеуге атсалысу болып табылады. Сонымен қатар, музейдің құнды баспа өнімдерінен тұратын көрме де көпшілікке жол тартып, əрбір жəдігер жайында толыққанды ақпараттар берілді.