ӘЗІРЕТ СҰЛТАНДА «МУЗЕЙГЕ СЫЙ» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі мен Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша соттар әкімшісі О.Л.Лештаев ынтымақтастық меморандумына қол қойған болатын. 

Аталған меморандум аясында жəне «Музейге сый» акция негізінде Оңтүстік Қазақстан облысы Соттар әкімшісінің ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Қабыл Дүйсенбі Түркістанға арнайы келіп ХІХ-ХХ ғасырлардан сыр шертетін фото суреттер мен соттардың мантиясын қорық-музейге табыстады. 

Осы орайда, Түркістан қалалық сотының төрағасы Омар Серікбаев Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көрсетілген бағдарламаларды жүзеге асыру аясында мәдени танымдық жұмыстар мен шығармашылық саладағы жан-жақты ынтымақтастықты құруға бағытталған шаралардың маңызы зор екендігін айтты.