"ƏЗІРЕТ СҰЛТАН" МУЗЕЙІНДЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ.

«Әзірет Сұлтан» қорық-музейінде Елбасы Н.Ə. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында республикалық конференция өтті.

Шара «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі және Түркістан қалалық мәслихатымен бірлесе ұйымдастырылды. 

Конференция жұмысына ҚР Ардагерлер ұйымы Орталық Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары Ө.Озғанбаев, белгілі ақын «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», «Құрмет» орденінің иегері Қ.Бегманов, ҚР Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі М.Абишев, Облыстық мәслихат депутаты Б.Сулейменов, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Бейсен Нұрзада, Қазақ Экономика, Қаржы және Халықаралық сауда университетінің проректоры, профессор Ержан Әмірбекұлы, ҚР БҒМ мектепке дейінгі және орта білім департаменті тәрбие жұмысы жөніндегі білім беру басқармасының басшысы Б.Көптілеуова, Қазақстан Журналистер одағының, Бас редакторлар клубының мүшесі Т. Бейсенов, Ахмет Ясауи ХҚТУ-нің өндірістік-шаруашылық ісі жөніндегі вице-президенті Н.Батырбаев, Түркістан қалалық мәслихат хатшысы Ғ.Сарсенбаев, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Құлбайымбетов, Түркістан қалалық мәслихат депутаты С.Тәженов, Түркістан қалалық мәслихат депутаты С.Батырханұлы, жоғары оқу орындарының студенттері мен БАҚ өкілдері және музей қызметкерлері қатысты. 

Атаулы конференцияда Елбасының мақаласындағы басымдықтарға тоқтала келе, соның ішінде ұлттық сананы дамыту мен жаңғырту, латын алфавитіне көшу, "Туған жер" бағдарламасын жүзеге асыру сынды көптеген мәселелер ой талқыға салынды.

«Бұл тарихи маңызы бар мақала - барлық аймақтың ажарын ашып, жас ұрпақтың бойына патриоттық тәрбие сіңіретін игі бастама» - деді, жиын модераторы ҚР Ардагерлер ұйымы Орталық Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары Өмірзақ Озғанбаев.

Келелі отырыс барысында көптеген пікірлер білдіріліп, жастар да өзіндік ойларын ортаға салды.